
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Жылдық жоспар - кітапхана қызметінің негізі»
12.12.2024
«Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері, кітаптарды жинақтау секторының кітапханашылары және сайт редактор қараша айының 25 жұлдызында Coworking орталығында «Жылдық жоспар - кітапхана кызметінің негізі» атты кітапханашыларға семинар-кеңес өткізді.
«Жылдық жоспар – кітапхана қызметінің негізі» тақырыбында өткізген семинары кітапхана жұмысының тиімділігін арттыруда жылдық жоспарлаудың маңыздылығын көрсетті. Семинар барысында кітапхана қызметінің барлық аспектілерін қамтитын, нақты мақсаттар мен міндеттерді белгілейтін, ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған жылдық жоспарды құрудың әдістемелік тұрғыдан маңызды аспектілері талқыланды.
Жылдық жоспар – бұл тек формальды құжат емес, кітапхананың бір жыл ішіндегі қызметін басқарудың негізгі құралы. Жылдық жоспар кітапхананың ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келеді, нақты және өлшенетін міндеттерді белгілеуге мүмкіндік береді. Ол кітапхананың қоғамдағы рөлін, оқырмандарға қызмет көрсетудің басымдықтарын анықтайды.
«2024 жылға арналған есеп жене 2025 жылға жоспар бойынша ұсыныс-кеңестер» тақырыбы бойынша кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері Асқарова Майгүл Насырқызы және Абикеева Ажар Амантайқызы баяндама жасаса, «Кітапхана ресурстары» тақырыбында кітаптарды өңдеу жене жинақтау секторының меңгерушісі Наталья Мельник түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Сайтпен жұмыс істеу» тақырыбында сайт редактор - Оспанова Айтолқын Дулатқызы айтып өтті.
Сонымен қатар, жаңадан жұмысқа орналасқан кітапханашы қызметкерлерге жекелеу талдау жұмыстары, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онымен қоса, 2025 жылға жоспар құруға арналған «Қызықты шаралар формасы» тақырыбында әдістемелік презентация көрсетілді. Ал семинарға қатысушылар болса түсінбеген сауалдарына жауап алып, пікір алмасып жатты.
Одан әрі «Балалар тобы бойынша жоспарлау жене есеп беру» - балалар жұмысы бойынша әдіскер Шынжырбай Махаббат Құсайынқызы талдау-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың қызығушылығын, оқу қабілеттерін есепке ала отырып, нақты және өлшенетін мақсаттар мен міндеттерді қоюдың маңыздылығы атап өтілді. Жоспарда оқу іс-шараларының түрлері (кітап оқу, викториналар, шеберлік сабақтары, театрландырылған қойылымдар, экскурсиялар және т.б.), олардың уақыты мен орны көрсетілді. Интеграцияланған жоспарлаудың тиімділігі аталынды. Балаларға арналған кітаптардың, ойындардың, мультимедиялық материалдардың, электронды ресурстардың маңызы, оларды балалармен жұмыста пайдаланудың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Семинарда кітапханадағы балалармен жұмыстың нәтижелерін бағалау үшін қолданылатын есеп берудің әртүрлі формалары (статистикалық есептер, фоторепортаждар, бейнероликтер, балалар шығармашылығының көрмелері және т.б.) талқыланды. Есеп берудің ашықтығы және мөлдірлігінің маңызы аталды.
Семинар барысында кітапхананың балалармен жұмысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштер (балалардың кітапханаға бару жиілігі, оқылған кітаптар саны, іс-шараларға қатысушылар саны және т.б.) қарастырылды. Қорытындысы бойынша, қатысушылар балалар тобымен жұмыс істеуде тиімді жоспарлау және есеп берудің негізгі принциптерімен танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға арналған практикалық кеңестер алды. Бұл семинар кітапхананың балаларға арналған қызметін жетілдіруге және олардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
«Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ажар Амантайқызы атаулы форматтағы шараларды ұйымдастырудың маңызы жайлы атап өтті:
- Жылдық жоспардағы міндеттердің орындалу барысын үнемі бақылау және талдау кітапхана қызметінің тиімділігін арттыруға, қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жылдық жоспар кітапхана қызметкерлерінің жұмысын үйлестіруге, олардың арасында міндеттерді бөлуге және жұмыс процесін оңтайландыруға көмектеседі.
Семинар барысында кітапхана қызметінің әрбір саласын (кітап қорын толықтыру, оқырмандарға қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық жұмыс және т.б. қамтитын жылдық жоспарды құрудың нақты мысалдары қарастырылды. Сонымен қатар, жоспардың мазмұнына, оның құрылымына, көрсеткіштерді таңдауға, мониторинг жүргізуге және бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныстар берілді. Осы орайда, атаулы форматтағы шараларды ұйымдастырудың маңызы зор, - дейді.
Қорыта айтқанда, Бұқар жырау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің семинары жылдық жоспардың кітапхана қызметінің тиімділігін арттырудағы маңыздылығын көрсетіп, кітапханашыларға жоспарлаудың тиімді әдістерін үйретті. Жылдық жоспарды дұрыс құру және оны іске асыру кітапхананың оқырмандардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға және қоғамдағы өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
А.Ерубаева