
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жыр додасы Қарағанды төрінде
14.11.2024
Биылғы «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі жыр мүшәйрасының облыстық кезеңі Достық үйінің төрінде өтті. Бір қуантатыны жыр мүшәйрасына қатысушылар саны жыл сайын арта түсіп, көмекей әулие сөзімен сөз бастайтын, бабамыздың ізімен дауды басатын ұрпақ саны артып келетіндігі.
Ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармаларын жастарымызға дәріптеу, сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын ояту мақсатымен ұйымдастырылған «Бұқарекең жырлайды» байқауына биылғы жылы 70-ке жуық бала қатысты. Оның ішінде жыраудың есімін алған, Көмекей әулиенің атындағы 7 жыршы-жыраулар сыныбы бар аудан атынан 10-нан аса бала байқауда бақ сынасты.
Қатысушылардың тең жартысы байқауға жақсы дайындықпен келіпті. Бірінен бірі өткен сайыскерлерден жүлде бөлу, жыр додасына түскен жастарды бағалау үшін сайланған әділқазы алқасында дәстүрлі әнші, жыршы, домбырашы, музыкант, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Елшібаева, ақын, жырау, жыршы, Үштөбе ауылындағы «Руханият» білім беру орталығы жанынан ашылған Бұқар жырау атындағы ақындар, жыршы-жыраулар сыныбының жетекшісі, ұстазы Тілеген Әділов, «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы», өнер жанашыры Мүгүлсім Шибаева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азат Бабаш, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Кәмшат Толеубаева болды.
Ауданымыздан барған 11 баланың 8-і жүлделі болды.
Дәулен Дарын 1 орынға, Аружан Берікбаева 2 орынға, Виктория Аленина мен Тілек Мәлік 3 орынға, Ағжан Шыныбектегі мен Әли Тілеубеков, Эльза Абзалбекова арнайы жүлдеге, Әділ Әбдірахман, Әшім Әбдуғани, Сезім Дүйсенбай, Раяна Сұлтанмұрат, Ажар Берікбаева ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Жыр додасының құрметті қонағы болған қазылар алқасының мүшесі Айгүл Елшібаева байқауға өз бағасын берді:
- Қазақтың тілі, өлеңі, тәлім-тәрбиесі өлмесін деген әр қазақ үшін осы сайыстар әр облыста өткізілуі тиіс. Бүгін Айтбай ақын бір сөзінде «жасынан жыр-өлең жаттаған бала жамандыққа әуес болмайды» деді. Өлең мен жыр тәрбие құралы екені, поэзия жаттамаған баланың тілі мен фантазиясы мүкіс болатыны бар. Ұрпаққа ұлағатты істің бастауына мұрындық болып, үлгі еткен, Қарағанды облысы басшылығына, ұйымдастырушыларға рахмет айтамын. Бұқарада білім алған санаулы қазақтың бірі - Мирарапта білім алған, ахун, ишаннан өтіп Көмекей әулие атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының әр өлеңі - тәрбие, намыс, ақиқат. Бұқар жыраудың өлеңдерінің бәрін жатқа айтып, Бұқарша жырлайтын ұрпақ барда, саналы ұрпақ қазақта өрістей бермек. Айтбай Ботпайұлы, ел үшін еткен еңбегің жана берсін. Қарағандыда сендердей ақындар, әншілер ордасы барда - тілің, мәдениетің, дәстүрің, тарихың жасай бермек, - деді.
Жыр жүйріктерін жеңістерімен құттықтаймыз!