
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Даңқты мерекедегі дөңгелек үстел
07.11.2024
25 қазан - Республика күні! Республика күні мемлекеттік емес, ұлттық мереке санатына енді. Ұлттық мереке кезінде мемлекеттік органдарда міндетті түрде ресми іс-шаралар өткізіледі. Себебі олар ерекше тарихи маңызы бар және мемлекеттіліктің дамуына елеулі әсер еткен оқиғалар қатарына жатады. Ал Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Бұл дегеніміз – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған күндер.
Атаулы мерекенің қайта жаңғыруы жайында берген сұхбатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деген еді: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек».
Расында да егемендік туралы тегеурінді іс қозғалып, болашаққа алғаш қадам жасалған күн ұмыт болуы мүмкін емес.
Қазан айының 23 жұлдызында аудандық архив ұжымы Республика күніне орай ауданымыздың С.Торайғыров және Ю.А.Гагарин мектебінің оқушыларымен, сондай-ақ аудан тұрғындарына арнап аудандық «Coworking» орталығында дөңгелек үстел өткізді. Тағылымды шараның шымылдығы аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған бейнеқұттықтау ролигінен басталды. Одан әрі мектеп оқушылары Хасенова Ділдә, Абзалбекова Эльза, Байделдинова Аружан, Камидулла Санжар, Сағатов Арсен, Жаңбырбай Аңсардың орындауында «Үш бақытым», «Отан», «Республика күні», «Мен ол ауылды сүйемін» атты патриоттық өлеңдер оқылды.
Әдемі өлеңнің өресін «Республика күнінің тағылымы» атты тарихи бейнеролик жалғады. Шара соңында архив басшысы Дана Ғұбайдоллақызы келген қонақтар мен көрермендерге алғыс айтты, қолдау білдіріп келген мектеп оқушыларына алғыс хаттар мен «Қазақстан» шоколадтарын табыстай отырып, былай деді:
- Құрметті шараға жиналған қауым, сіздерді Бұқар жырау ауданының мемлекеттік архиві атынан 25 қазан - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күн ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан күні. Елімізге егемендік сыйлаған ұлы күн. Сіздердің баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте, оқуда мол табыс, ашық аспан астында қуанышқа толы ұзақ ғұмыр тілеймін. Бүгінгі шарамызға үлес қосып, белсенділік танытқан, Отан туралы өлеңдерін оқып, рухымызды көтерген барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін!
Шараға қатысқан С.Торайғыров мектебінің ұстазы Қолғанат Ербол тегеурінді сөз қозғап, тарихи мерекенің мәртебесін асқақтатты:
-Балалар, бұл мереке бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздікті бізге ешкім сыйға тартқан жоқ. Ол ата-бабамыздың күшімен, намысымен, арымен келді. Бұл мерекенің астында сан мың жылдардың ізі сайраған жол жатыр. Оған тарих куә. Егемендігіміздің қадірін білейік! Сіздер де болашақта елі мен жерін сүйетін намысты, ержүрек болатындарыңызға сенеміз! Болашақ сіздерікі, - деді ол.
Одан әрі Ю.А.Гагарин мектебінің ұстазы Гүлзат Аманжолқызы мен Ботақара кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мариваш Рымбайқызы сөз сөйлеп, әдемі шараның нүктесін қойды.
Қазіргі шақта жаңа, әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің жетісулықтар үшін де маңызы зор болмақ.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлем- де Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.