Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Тіл мәртебесі – елімнің мәртебесі!
18.10.2024
«Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған» деген батырымыз Бауыржан Момыш-ұлы.
Мемлекетімізде тіл туралы Конституцияда «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп жарияланғаны белгілі. Әрине, осы тұрғыда «бұл орындалып келе ме?» - деген сұрақ сананы мазалайды.
Қазақ тілі әлемге таныла алатын дәрежеде және мүмкіндігі бар бола тұрса да әлі күнделікті қолданыста аз қолданылуда.
Тіл мәртебесін оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Ел болашағын ойлаған бабаларымыздың арманы осы ма дерсің. Балабақша, мектептер, басқа да мекемелерде қазақ тілін іске асыру бірінші орында болса буыны қатқан мемлекет бола аламыз. «Балықтың басынан шіритіні» сияқты, «Болашақ бүгіннен басталады» деп, жауапкершілікті қолға алса, асар асуымыз бен белестерімізге жетер едік. Әттеген-ай дейтін тілді тістеп қалатын кездерде жүрек сыздап, өкінішті күй кешеміз.
Алаш арысы, белсенді Ахмет Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деп рухты сөздерін қалдырды. Бұл дегеніміз біздің болашағымыз бұлыңғыр болмасын дегенді аңғартады.
Мен өзім Алашорда мүшесі, қазақтың тұңғыш заңгері, құқық магистрі Ақбайдың Жақыбының төртінші атадан тарайтын ұрпағымын. Сөзге тиек ете кетсем Жақбай атамыздың мына сөзі: «Қазақ халқы барда, Тәуелсіз еліміз тура жолға түсіп, ұлттық ұлы мұраттарымыз алдыңғы қатарға шығып жатқан алмағайып кезеңде ұлтын, елін, жерін сүюдің, соған қалтқысыз қызмет етудің қапысыз үлгісі болып, мәңгі жасай береді!» . Осындай жалынды сөздерді қазір айтар азаматтар бар бола тұра, айтылмайды.
Осы тұрғыда ұлттық ана тілдің құдіретін сезіне білген абзал. Қазақ тілін тек біздің тіліміз деген ұғымнан арылу керек. Ол ортақ тіл екенін есте сақтай білу керек.
Сәлем саған, жас буын жалғастарым,
Болашақта сендермен жалғасамын.
Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,
Ана тілін ауадай ардақтағын!
Қандай керемет өлең жолдары десеңізші!
Елі мен жерін ойлаған бағзы замандағы бабаларымыздың абыз ұлы Абайдың, Алашымның ардақтыларының да аманаты мен тілеулері ұлтының, тілінің, дінінің жоғалмауы емес пе еді?!
«Еркіндік алған тәуелсіз елміз» деген атқа лайықты болу үшін бабалардың аманатына қиянат жасамау қажет. Осы орайда ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның сөзі ойға оралып тұр. «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне дейін апарып тастауы тиіс, әйтпесе болашақ ұрпаққа көп жүк қалдырып кетеміз» делінген. Қараңызшы, қандай адамдар болған бабаларымыз. Бүгінгі күнмен өмір сүрмей, келешегін ойлап кеткен асылдарым...
1986 жылдың ызғары – өшпейтін жастардың жер сілкінгендей көтерілісі болды. Жалындаған жастардың рухы мен ерліктері бізге тәуелсіздік Туын желбіретті. Аспанға бөркімізді лақтыратын күн туғызды. Сөзімнің қорытындысына келсем, Тәуелсіздігіміздің таңбасы - таста, қаны - қара жердің тамырында, ызғары - табанымыздың астында қалды.
Ана тіліміз - біздің төлқұжатымыз.
Бүгінгі таң –ащы термен келген тәтті де, дәмді жеміс. Тілімізді ұлықтайтын күн жетті! Ұрпағымыздың ғұмыры, ұлттың тұғыры!





