
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мұражайдағы қызықты ойын
15.10.2024
Қазан айының 2 жұлдызында аудандық музей Ю.А.Гагарин мектебінің 8 сынып оқушыларымен музей экспонаттарын танымал ету мақсатында «Тарихи қоржын» атты интеллектуалды ойынын өткізді.
Атаулы шараның мәні мен маңызы жайлы аудандық музей басшысы Орал Ынтуқызы атап өтті:
- Осындай форматтағы шараларды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, аудан халқы мен оқушылар музейге еніп жатқан жаңа экспонаттарды біле бермейді, атаулы форматтағы ойындарды өткізу арқылы біз музей экспонаттарын танымал етеміз. Осылайша балалар тек қана тарих емес, басқа да салаларда көкжиектерін кеңейтеді. Ол география, физика, әдебиет т.б.
Қандай да бір зат музей жәдігеріне айналу үшін біраз сатыдан өтеді. Музей үшін маңызы бар заттарды ұзақ мерзімге сақтау немесе жоспарланған есептерге пайдалануда біршама жұмыстар жүргізіледі. Ең бірінші, зат туралы деректер, яғни не үшін пайдаланғанын, табиғаттағы немесе қоғамдағы ортасы, адамдармен не болмаса басқа заттармен байланыстары толтырылып мемлекеттік есепке алынады. Міне, алғашқы нақты ғылыми жұмыстар жүргізілгеннен кейін музей заты ретінде танылады. Одан әрі халыққа таныту жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор. Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер - бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытып отырады, - дейді.
Балаларға арналған танымдық шараны қор сақтаушы Айгүл Макеева ұйымдастырған. Ойынды бүге-шігесіне дейін дамытқаны соншалықты, балалар бар ынта-ықыласымен жауап беріп, білмегендеріне таң қалысып жатты. Алдымен олар тақтада көрсетілген 10, 20, 30, 40 сандарымен белгіленген ұяшықтарды таңдап, ондағы интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Одан әрі «Қара жәшік» ойынына кезек берілді. Онда ұстап көру, сезіп көру арқылы қандай бұйым екенін анықтау тапсырмасы берілді. Сонымен қоса логикалық сұрақтар қою арқылы атаулы затты табу тапсырмалары да берілді. Осылайша екі сағатқа созылған шара тартысты аяқталды.
Экскурсиядан соң мектеп оқушылары естелік суретке түсіп, бір-бірімен алған әсерлерін бөлісіп жатты.
Ойын аяқталысымен, белсенділік танытып, ең көп жауаптар ұсынған Корнаухов Матвей есімді баламен сұхбат құрдық:
- Маған осындай форматтағы ойындар өте қатты ұнайды. Басқатырғылар, лабиринттер, логикалық сұрақтарды шешу менің сүйікті хоббиім. Сұрақтар қызықты әрі танымды болды. Сонымен қатар, музей ішіндегі экспонаттарды ұстап көру ерекше сезім сыйлайды,- дейді Матвей.
Мектеп оқушылары қазіргі уақытта қоғамның толыққанды мүшесі және болашақта өз ортасының жетекші тұлғасы болып қалыптасатындықтан, олардың бойына патриоттық тәрбиемен қатар, мұражай арқылы пәнаралық білімнің негізін қалыптастыру - бүгінгі музей қызметкерлерінің міндеті.