
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ертең – Отбасы күні
09.09.2024
Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні. Соған сәйкес аудандық орталық кітапхана «Жас отауың құтты болсын, жұбайлар!» атты салтанатты кеш өткізді.
Отбасы – адам өміріндегі бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын - отбасы. Сонымен қатар отбасы – адамзат баласының қанаты қомданып, өмірге бейімделетін алғашқы баспалдағы. Жұмыр жердегі әр пенде ата-ана ақылымен болашағына бағдар жасайды, өн бойына өнеге дарытып, тәрбие мен тағылым қалыптастырады. Өнегесі мол отбасы болу перзент үшін ғана емес, ел үшін де ерекше рөл атқарады. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны. «Елін сүйер сеніңіз, өз отбасын сүйе алған» демекші, жанұяда жарасым тауып, ізгілік пен махаббатқа шомылып өскен бала да болашақта елдің тірегі бола алады.
Осындай мереке қарсаңында кітапханада өткен шарада АХАЖ маманы Күлбаева Айсулу Балташқызының қатысуымен отау құрғалы отырған Целуйко Максим Юрьевич пен Клюшева Карина Вячеславовнаның неке қию, куәлік табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, салтанатымыздың қонақтары, ұрпаққа үлгі болған ұлағатты отбасы, бір шаңырақ астында 60 жыл отасқан қариялар - Машрапов Аманжол Жанайдарұлы мен Шибаева Гүлжауһар Ғұбайдоллақызы отбасылық құндылықтарымен бөлісіп, жас отау құрып отырған отбасыға өз батасын берді: «Құрметті балаларым, бүгінгі неке қиған күндерің құтты болсын! Бақытты болыңдар, бір-біріңді сыйлай біліңдер, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Күміс, алтын және гауһар тойларына жете беріңдер. Ең бастысы денсаулық, бақыт болсын!»- деді.
Кеш барысында қонақтарға «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрме және бейнебаян көрсетіліп, соңында кітапхана атынан екі отбасыға ізгі тілектерін айтып, кішігірім естелік сыйлықтарын табыстады.
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз! Бүгінгі күн — сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді халқымыз. Біз сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілейміз. Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын, құрметті оқырмандар, аудан тұрғындары, баршаңызды жылы күздің молшылығымен бірге келе жатқан жарқын мереке - Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!