
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Оқырман болу - кітапханаға келу
01.08.2024
Ғабиден Мұстафин кенттік көпшілік кітапханасы оқырмандардың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын оята отырып кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхана қызметімен таныстыру мақсатында «Оқырман болу - кітапханаға келу» атты дәстүрлі ашық есік күнін өткізді.
Шара бастауын кітапхана ауласында бастап, әр залда әр тақырыптарда өткізілді.
Мысалы, өлкетану бөлімінде «Кентіміз туралы не білеміз?» атты танымдық сағат, абонемент залдары бөлімінде қазақстандық жазушылардың шығармалары бойынша «Таныс кітаптарды ашайық» атты викторина, оқу залы бөлімінде «Уақытты жоғалтпай - мерзімді басылымды оқы» атты инфомания, «Интернет желісінен ақпаратты қалай тез табуға болады» атты шеберлік сағаты интернет класс залында өтті.
Өлкетану бөлімінде «Кентіміз туралы не білеміз?» атты танымдық сағатында біздің өлкеміздің тарихы туралы көптеген қызықты ақпараты жайлы біліп, кентіміздің атақты адамдары туралы ерекше фактілермен танысты.
Абонемент залдары бөлімінде қазақстандық жазушылардың шығармалары бойынша «Таныс кітаптарды ашайық» атты викторина өткізілді. Оқырмандар автор мен кітаптың атын табуға тырысты. Әрине, кейбір тапсырмалар оңай болған жоқ. Бірақ қызметкерлер оларға көмектесіп, әр қатысушыға викторинаға қатысуларына мүмкіндік берді.
Оқу залында мерзімді басылымдарды насихаттау мақсатында «Уақытты жоғалтпай - мерзімді басылымды оқы» атты инфомания өткізілді.
Шара барысында мерзімді басылымға тұрақты атауы, ағымдағы номері бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын басылымдар жататыны айтылып, мерзімді басылымның тарихы мен түрлеріне тоқталып, кітапханамызға келіп түсетін газет-журналдарға шолу жасалды.
«Интернет желісінен ақпаратты қалай тез табуға болады» атты шеберлік сағаты интернет класында өтті. Бұл жерде кітапхананың библиографы мәтіндік редактормен практикалық жұмыс жүргізді. Кітапхана қонақтары Яндекс, Chrome іздеу жүйесінің жұмыс принциптері туралы түсінік алды. Іздеу жүйесі - бұл пайдаланушы берілген кілт сөздер бойынша қызығушылық туралы ақпаратты таба алатын сайт екені туралы айтылды. «Интернеттен ақпаратты қалай тиімді іздеу керек» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик көргеннен кейін пайдаланушыларға тапсырмаларды орындау ұсынылды - кілт сөздердің синонимдерін іздеу, сөз тіркесінде жетіспейтін сөзді іздеу, дәйексөзді іздеу. Содан кейін олар кез-келген тақырыптағы суреттер мен бейнелерді табуға тырысты.
Белсенділігімен және терең білімімен көзге түскен оқырманға сыйға кітап тарту етілді. Шара соңында кітапқа деген ризашылықты білдіру мақсатында аспанға «Кітап, өмір сүр!» атты жазуы бар шарлар ұшырылды. Бұл шарамызда оқырмандар тек кітапханаға ғана емес, кентіміздің тарихына, көптеген қызықты, танымды әдебиеттер әлеміне саяхат жасады.
А.Мүталяпова,
Ғ.Мұстафин модельді
кітапханасының кітапханашысы