taza-kaz

Баскетболшы қыздардың жеңісі


04.05.2024

Балқаш қаласында 2012-2013 жылы туған қыздар арасында баскетбол ойынынан өткен облыстық жарыста Ақбел ауылының командасы 2-орынға ие болды.

Спорттағы жетістіктерімен ауданымыздың атын шығарып жүрген ақбелдік баскетболшы қыздарымыз 3 жыл қатарынан жаттығулардан қол үзбей, шыңдала түсуде. Мектептің спорт залында өздерінің дайындықтарын жүргізетін спортшыларымыздың жеткен жетістіктері көп. Мықты-мықты спортшылар ауылдан шығады. Оған ақбелдік баскетболшы қыздарымыз дәлел. 

Өткен жылы 2010-2011 жылы туған қыздар арасында Алматы қаласында өткен лигада 1-орынға, биылғы жылы 2010-2011 жылы туған қыздар арасында Қарағанды қаласында өткен облыстық жарыста 3-орынға ие болып жүрген қыздарымыз алдыңғы жеңістің ізін суытпай,  Балқаш қаласында өткен жарыстан 2-орынды қанжығалап отыр.

Баскетбол ойынының Ақбел ауылында өріс жаюына себепкер болып жүрген Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары - Абай Жапаров пен Ержан Капасов.

- Командамызда 40-қа жуық қыз бала бар. Арасында көпбалалы отбасыдан шыққан балалар да бар. Қыздардың спортқа деген қызығушылықтары жоғары. Дайындық жиі өтеді. Әр жақсы дайындықтың жемісі – жеңіс. Талапты қыздарға қолдау ретінде осы жылғы жарысқа аудандық спорт бөлімі жолға деп арнайы қаражатын бөлді. Әркез қолдап, көмек беретін аудандық спорт бөлімінің басшылығына алғыс білдіреміз, - дейді қыздардың жаттықтырушысы Абай Жапаров.

Спортшы қыздарымыздың әр жеңісін қуанышпен қабылдай отырып, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

 

Б.Жакешова

 

Суретте: баскетбол командасы ұстаздарымен.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?