
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Жаңа кітап - жаңа әлем» мерекелік шарасы өтті
27.04.2024
23-сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай еліміз бойынша бір күнде өтетін «Кітап шоу-2024» фестивалі аясында Бұқар жырау ауданының орталық кітапхана ұжымы «Жаңа кітап – жаңа әлем» тақырыбында Мәдениет үйінде кітап мерекесі шарасын ұйымдастырды. Кештің сценарийін жазып, жүргізген аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің әдіскері Асқарова Майгүл Насырқызы.
Кітап сүйер қауымға арналған бұл шара аудандық Мәдениет үйінде өтті. Әдеби әлемнен еншісін алуға келгендердің қарасы қалың. Онда бала да, жас та, кәрі де жиналған. Әжелер немересін ертіп, кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған түрлі көрмелерді қызықтап суретке түсіріп жүр. Ондағы көрмеге «Кітаптарды жинақтау және өңдеу» секторы ескірген, тозған, мерзімі өткен кітаптардан құс, кітапхана, киіз үй және т.б. формадағы «Бук фолдинг» көрме-инсталляциясын, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Мерейгер кітаптар» көрмесі және «Бұқар жырау жаршысы» газетіне - 85 жыл» фотозонасы, аудандық балалар кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша тақырыптық көрме және «Қожа болып көр» кино-фотозонасын ұйымдастырыпты. Доскей ауылдық кітапханасы қызметкерлерімен дайындалған «Нөсер болу – арманым» көрмесі қойылыпты.
Осы «Нөсер болу арманым» көрмесі арнайылап жасалған қонақ сол күннің негізгі кейіпкері. Ол Алматыдан арнайылап Майгүл Насырқызының шақыртумен, туған жеріне үлкен сағынышпен келіп отырған ұстаз, ақын, Қазақ КСР-інің халық ағарту ісінің үздігі, «Нөсер» кітабының авторы Ермек Сәрсенбайұлы Сарин еді.
Жарық көрген кітабыңыздың тұсауын біз кесіп берейік деп хабарласқан Майгүл апайға қуана келіскен ағамыз сол күні кештің төрінен орын алып, кітап мерекесінің қадірлі қонағы болды. Кітапхана ұжымына қаламгер 24 кітабын сыйға тартса, ерікті қызығушылар қолтаңбасын сұрап тағы да алып жатты.
Қадірлі ағаға жылы лебізін білдіруге аудандық мәслихат төрағасы Әли Асхат Сағадиұлы да келіп, иығына шапан жапты. Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, ақын Жасұлан Хамитов арнау өлеңін оқыды. ОКЖ директоры міндетін атқарушы Гүлайым Жұмкенова алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Ақынның кітабын сандық жүйеге көшіру бойынша келісімшарт жасалды.
Кітап мерекесіне арналған мерекелік шараға кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханашылар да атсалысты. Қарақұдық ауылдық кітапханасының оқырмандары «Кітап шоу» флешмоб биімен келсе, ақынның 40 жыл қызмет еткен А.Байтұрсынов атындағы мектептің оқушылары ақынның «Күй» өлеңін домбырада орындалған «Әке арманы» күйінің фонында оқыды. Ростовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гаухар Манкеева мен баласы Сырым «Әжемнің ертегілері» тақырыбымен ұлттық тәрбиені дәріптеді, өмірі өнеге тұлғалар туралы кітаптарды оқуға кеңес беретін кітаптар дефилесіне Азамат Жайлаубай, Нұрай Ерұланова, Алексей Абермет, Аскер Ақжол, Алишер Жанахметов, Еркебұлан Қалиев, Айбар Жаңбырбаев, Махаббат Шынжырбай, Еркем Смағұлова, Медет Өсеров сынды кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары белсене қатысты.
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Жас актер алаңы» кезеңін дайындаған аудандық балалар кітапханасының оқырмандары жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек» шығармалары бойынша сахналық көрініс көрсетті.
Поэзияның жұмбақ та керемет әлеміне жетелеу мақсатында аудандық кітапхана ұйымдастырған «Поэзиялық марафон» кезеңінде оқырмандар – Шынар Мұқышева, Мариваш Ибраева, Шахназэ Ильясова, Жолбике Қабирахманова, Ақмарал Есіргепова Қ.Аманжолов, Ф.Оңғарсынова т.б ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Әдемі шараның нүктесі Ғ.Мұстафин кенттік көпшілік кітапханасының оқырмандары - Думан Ерденов пен Тоқтар Сейілқановтың орындауындағы Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер өзің дегенде» әнімен қойылды.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суреттерінде: шараның ерекше сәттері.