
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Ғұлама ғалым – Қаныш Сәтбаев»
19.04.2024
Биыл ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.
Осы атаулы күнге орай сәуір айының 12 жұлдызы күні Қарақұдық ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың біртуар перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, ғалымның жан-жақтылық, табандылық, ізденімпаздық қасиеттерін жасөспірімдерге насихаттау мақсатында Амангелді орта мектебінің 9-сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Ш.Жалбырованың қатысуымен «Ғұлама ғалым – Қаныш Сәтбаев» атты портреттік кеші өтті.
Онда арнайы «Киелі жердің дарынды перзенті» атты көрме-панорама дайындалып, көрмеге ғалымның өміржолы, отбасы, БАҚ-та жарияланған көптеген мақалалар, Қаныш Сәтбаевтың нақыл сөздері, есімі берілген қаласы, білім ошақтары, көшелері және әр қалада бой көтерген ескерткіштері туралы мағлұматтар берілді.
Сонымен қатар «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – әлемге әйгілі ғалым» атты ақпараттық көрмеге ғалымның әр жылдардағы еңбек жолы туралы ақпараттармен бөлістік. «Қазақ археологиясының бәйтерегі» атты буклет қатысушылар назарына ұсынылды.
Шара соңында барлық қатысушыларға «Қазақ ғылымының атасы» атты жаднамалар таратылды.
Г.Дүйсембек,
Қарақұдық ауылдық кітапханасының
кітапханашысы