
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Әнші, актер, оқушы Әли
28.03.2024
Ботақаралық жас вокалист Әли Тілеубеков Түркия елінің Ыстамбұл қаласында өткен «ALASH STAR» халықаралық көп жанрлы байқауында жүлдегер атанып, бірінші орынды қанжығалап қайтты.
12 жастағы Әли Тілеубеков Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің 6-сынып оқушысы. 2 жылдан бері тұрақты түрде вокалдан дәріс алып келеді. «Руханият» қосымша білім беру орталығы мен «Vocal Karaganda» вокалдық студиясының шәкірті. Сабақтан соң «Руханият» қосымша білім беру орталығында дайындығын жүргізетін жас вокалист демалыс күндері «Vocal Karaganda» вокалдық студиясында дайындығын жүргізеді.
Әли Тілеубековтың әр бастамасын отбасы қолдап, шығармашылық жағынан дамуына өз көмектерін көрсетуде. Ол вокалдан бөлек «Жас жыраулар» үйірмесінде, «Мейрам» балалар киностудиясында актерлік шеберлігін шыңдайды. Өзін актерлік қырынан да дамытып жүрген жас талант қазірдің өзінде «Өтірікші», «Жалған ақша», «Тілек», «М.А.К», «Ойында таныстық» атты фильмдерге түсіп үлгерген.
- Мен байқауда Өмірқұл Айниязовтың орындауындағы «Атамекен» әнін орындап шықтым. Бұл әнге таңдауды ұстазыммен бірге ақылдаса келе жасадық. Байқаудың басында басқа ел болғасын қобалжу, толқу болды. Бірақ, өзімді тез жинап алдым. Менің ойымша, әр әнші өзінің сахна алдындағы қорқынышын жеңе білуі керек. Бұл байқауға қатысу және жүлделі орын алу маған үлкен мотивация берді. Болашақта бұдан да үлкен қадамдар жасауыма сенімділік сыйлады. Менің өмірімде ән айту ерекше орын алады. Ойынға, бос ермекке уақытымды жұмсамай, пайдалы істермен айналысып, өзімді болашақта актер, әнші, блогер ретінде дамытқым келеді, - дейді Әли Тілеубеков.
Талабы таудай жас әншімізді тағы бір мәрте жеңісімен құттықтаймыз! Алға қойған арман-мақсаттарының барлығы орындалып, алар асулары, бағындырар белестері көп болсын.
Б.Жакешова