
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Шебердің қолы алтын
28.03.2024
Қазақтың ұлттық аспаптары дегенде ең алдымен домбыра еске түседі. Ал сол домыраның жасалу жолында үлкен еңбек, күш жатыр. Сондықтан да болар, домбыра жасауға бет бұрған шеберлер қатары көп емес. Ауданымыздың өзінде қазақтың ұлттық аспабын жасаушы шеберлер қатары санаулы ғана.
Байқадам ауылының тұрғыны Нұртуған Хайроллаұлы шеберлік жолға әкесі арқылы келген екен. Бала кезінен әкесінің қасынан шықпай жүрген ол еңбек және сызу пәнінің ұстазы болған әкесінің қасында жүріп, өнерін үйренуге тырысты. Сол ынтасы арқылы өзіне кәсіп тапты.
Шеберлік өнерін дамыта білген ол 2023 жылы аудан әкімнің грантын ұтып алып, кәсібін бастайды. Грант есебінен ұтып алынған қаражатқа ағаш өңдейтін станоктар, қажетті материалдар алынып, ғимаратты жалға алып, жұмыс бастап кетеді. Шебердің айтуы бойынша домбыра жасау үлкен еңбекті талап ететін жұмыс.
- Бір домбыраның өзін үш түрлі ағаштан жасаймыз. Мысалы, шанақты шынар ағашынан жасаймыз. Шынар ағаш қымбат материалдардың бірі. Ол дыбыс шығару қабілеті бар ағаш болып есептеледі. Ал беті шырша ағашымен жасалады. Бұл ағаш домбыраның бетіне әдемілік береді, әрі дыбысты жақсы шығарады. Ал пернесі көп басылатын болғандықтан қатты ағаш қолданылады. Яғни көбінесе қайың, қызыл ағаш, емен сынды ағаш түрлері қолданылады. Домбыраның басына да қатты ағаштан жасалады. Бір домбыраның жасауына көп дегенде бір жұма уақыт кетеді. Және де домбыраның жасалуында ағаштың кебуі де үлкен рөл атқарады. Су ағаштан жасалған домбыраның пішіні бұзылады. 44, 46, 48 размеріндегі үш үлгідегі домбыраларды жасаймын. 44-ші размер ол кішкентай балаларға арналған, 46-шы оқушыларға, 48-ші үлкен домбыра болып келеді, - дейді Нұртуған Хайроллаұлы.
Шебер домбырадан бөлек қобыздың түрлерін, жетіген, дауылпаз жасайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда қолданысқа қайта еніп жатқан қазақтың ұлттық ыдыс-аяғы - астау, шараяқ, күбі сынды бұйымдарды жасап, сатылымға шығарады.
Кез келген ұлттық аспапты жасау үлкен өнерді, шыдамдылықты, икемділікті, ең бастысы жауапкершілік пен тиянақтылықты талап етеді. Аспаптың әрбір бөлшегін дайындап, құрастыруда ешқандай қателік жіберуге болмайды.
Себебі, аспаптың әр бөлігі оның дыбысына әсер етеді. Мықты сапада жасалған музыкалық аспаптар, бұйымдарымен өз тапсырыс берушілерінің алғыс, ризашылығын алып жүрген шеберді жерлестер болып қолдап, қолпаштасақ нұр үстіне нұр болатын еді. Ендігі таңда ұлттық аспаптар, ұлттық ыдыстар керек болса, өзгеге емес, өз шеберімізге жүгінейік.
Б.Жакешова