taza-kaz

Байқау мәресіне жетті


08.03.2024

Наурыз айының бірінші жұлдызында аудандық мәдениет үйінде ауданымызға қарасты елді мекендердің көркемөнерпаздарының басын бір арнаға тоғыстырған үлкен мәдени шара дүбірледі. Шараның орта шенінде келген мәдениет үйінің қызметкері Жанұзақ Макишев бізге былай деді:

-1-Наурыз - Алғыс айту күнінде осынау мәдени шаңырақта әдеби-сазды бағдарлама орын алды. Былтырғы жылы қазақтың ұлы ханы Абылай ханның туғанына 310 жыл,  Бұқар жыраудың 355 жылдығы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл, «Қазақ» газетінің алғашқы номерінің шыққанына 110 жыл, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл, Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл сынды атаулы даталар өтті. Осы даталарға байланысты аудандық көркемөнерпаздар байқауы қараша мен желтоқсан айларында өтті, қаңтар айында дайындаған соңғы номерлерін қойды. Бұндағы мақсат – ауданымыздың аумағында тұрып жатқан өнерлі азамат пен азаматшаларды үлкен сахнаға шығару, үздік өнер иелері болса, облыстық конкурстарға жіберу. Осы күні қорытынды жасалып, аудандық көркемөнерпаздар байқауының гала концерті  ұйымдастырылды. Оған 24 ұжым қатысты. Байқау жылдағы үрдіс бойынша әлі де жалғасын табады, - дейді аудандық мәдениет үйінің халық шығармашылығы бойынша әдіскері.

«Жасасын, Алаш, жасасын» сахналандырылған көрінісін Көкпекті ауылының көркемөнерпаздары қойды. Осы қысқа көріністен көп ой қорыттық. Онан соң сахна төріне аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.Көпбаев көтеріліп, «Рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына  ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы ұйымдастырылған Бұқар жырау ауданының ауылдық, кенттік көркемөнерпаздар ұжымдары арасындағы «Тұғырлы тұлғалар туған жер - тарихтың сыры тұнған жер» шығармашылық есеп беру концертінде көрсеткен өнері үшін Алғыс хаты мен 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа Новоузенка, Гагарин, Центральный ауылдық округтері, Қушоқы кенті, Ростовка, Қызылқайың, Қаражар, Үштөбе, Тұзды, Жаңаталап, Үміткер, Бұқар жырау, Керней, Доскей, Белағаш ауылдық округтері,  үшінші дәрежелі диплом мен 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа Ғ.Мұстафин кенті, Көкпекті, Самарқанд ауылдық округтері, Ботақара ауылының өнерпаздары лайық деп танылса, екінші дәрежелі диплом мен 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа Тоғызқұдық, Ақтөбе, Қарақұдық ауылдарының өнерпаздары қол жеткізді.

«Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, диплом және 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен Ақбел ауылы, Бас жүлде - 300 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломмен  Шешенқара ауылының өнерпаздары марапатталды.

Марпаттау аяқталған соң аудан өнерпазы Уаш Темірбек пен жұбайы Бердімұрат Алтынгүл «Сүйемін сені -Қазақстан» атты әнді көкке шалқытты. Өнерпаздар бәрі жиналып естелік суретке түсті.

 

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: көрмені тамашалау; концерттік номерлер; марапаттау; естелік сурет.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?