
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жас таланттар байқауы
01.03.2024
Аудандық Мәдениет үйінде «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, байқауда ауданымыздың әр өңірінен келген 16-30 жас аралығындағы 20 қатысушы бақ сынасты.
Талантты талпындырып, өнерге қанат қақтырған байқау – «Жас қанат» жарық жұлдыздарымыздың біразының алғашқы қадамы болды. Елімізде үлкен танымалдылыққа ие болған музыкалық бұл жобаның мақсаты - жас таланттарды, ерекше дауыс иелерін іздеу, қолдау және танымал ету, сондай-ақ әншілік және көркемдік әлеуетті ашу, Қазақстанның эстрадалық мәдениеті мен заманауи эстрадалық өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.
Қобалжу. Лүпіл қақан жүрек. Барша қатысушыларды ортақтастырған бұл сезімдерді тек көрермен қолдауы баса алды. Дүбірлі ән додасын тамашалуға келген өнер сүйер қауым қатысушыларды ыстық ықыласымен қарсы алып, өз қолдауларын көрсетті.
Жас таланттардың жұлдызын жағып, орындаушылардың сахнадағы алғашқы қадамдарына баға беру сенімі аудандық мәдениет үйінің директоры Қ.Талашевқа, аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің жетекшісі З.Төлеубаеваға, «Руханият» қосымша білім беру орталығының эстрада-вокал сыныбының ұстазы Т.Сағындықоваға, Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Мұратханға білдірілді.
- Биылғы байқау қатысушыларының дайындық деңгейі өте жоғары дәрежеде болды. Қазылар алқасы тек қатысушылардың әнді орындау деңгейі, дауыс ырғағына мән беріп қана қоймады. Әнді орындаушының сахна мәдениетін ұстануы, қимыл-қозғалысы, киім кию үлгісі - барлығын назарға алдық. Жыл сайын байқау маңызы артып келеді. Бұған дейін қатысушылар саны көп болғанымен, ішінен іліп алар, өнері бар дауыс иесін таппайтын едік. Қазіргі күні бірі-бірінен өткен талантты жастар байқауда бақ сынап жатыр. Бұл ауылдық клуб қызметкерлерінің арқасы, осы кісілердің еңбегі, - дейді қазылар алқасының төрағасы Қ.Талашев.
Қазылар алқасының әділ шешімі бойынша Бас жүлде Байқадам ауылынан келген жас өнерпаз Арайлым Скахқа бұйырды. І-орынды Тоғызқұдық ауылынан келген Іңкәр Шалхар мен ботақаралық Марден Тұрсынбай өзара бөлісті. ІІ- орынды Төрткөл ауылының тұрғыны Динара Қанафина, ботақаралық Сая Халидолда мен Ақбел ауылының өнерпазы Аружан Изатова қанжығалады. Жүлделі ІІІ-орын Ынтымақ ауылынан келген Ғазиз Нұрғазыға, шалқарлық Айғаным Сағындықоваға, Центральный ауылының әншісі Елизавета Будыкина және Қызылқайың ауылынан келген Мейірхан Мазмағанбетовке бұйырды.
Байқау шарты бойынша қатысушылар еркін тақырыпта екі әннен шырқаған болатын. Өнер көрсеткен қатысушылар кәсіби мамандардан кеңес алып қана қоймай, шығармашылық жолында үлкен тәжірибелік мектептен өтті. Жүлделі орын алған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық кезеңге жолдама алып, ауданымыздың атын қорғайтын өнерпаздарға тек қана сәттілік тілейміз.
Б.Жакешова
Ж.Макишевтің суреті