
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Музейдегі шара
02.12.2023
Аудандық тарихи өлкетану музейінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып қызықты да, тартымды шара өтті. Балалар музей жәдігерлерімен танысып, қызықты ойындар ойнады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен 3 бала, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінен бір оқушы музей қонағы болды.
Музей қызметкерлері Жұпар Жаппарова мен Болат Досанбек балаларға экскурсия жүргізіп, құнды жәдігерлерімен таныстырды. Балалар шаршап, жалығып кетпесі үшін ойындар ойнатылды. Бала логикасын дамытатын, есту, көру қабілетін, қол моторикасын жақсартатын, есептілікке үйрететін ойындар өтті.
Кеселерді жіппен тартып ойнау барысында балаларға жасырын сыйлықтар табысталды. Кештен ерекше әсер алған балалар үйлеріне көңілді тарқасты.
- Музейіміз тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын. Бізге келген әр тұрғынға музей жәдігерлері таныстырылады. Қызметкерлер барынша ақпарат береді. Бүгінгі күні музейге қоларбамен көтерілуге арналған пандус орнатылды. Біздің есік барша тұрғынға ашық, - дейді Орал Нәбиева.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың
суреттері