taza-kaz

Қос жүлдемен оралған «Гүлдер» би ансамбілі


25.11.2023

Қазан айының 18-жұлдызында Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің «Гүлдер» би тобы қос бірдей бірінші орынды аудан қоржынына салды. Аталмыш ұжымның  облыстық «New Stars» ашық шығармашылық конкурс-фестивалінде үлкен және кіші топтары бақтарын сынады. Үлкен топ корей ұлттық биін билесе, кіші топ өзбек ұлттық биін биледі. Конкурсқа 40-шақты би ансамблі қатысты.

Жұмысқа орналасқанына бар болғаны 3 ай болған, жас хореограф Асқарова Дильназ Жасұланқызы жарады. Ол бар болғаны бір айдың ішінде шәкірттерін дайындап, аудан қоржынын қомпайтты. Аталмыш фестивальге дайындығы және биге деген қабілеті жайлы ол былай деді:

- Мен өзім осы ауданның тумасымын. С.Торайғыров атындағы мектептің түлегімін. Би өнеріне қалай келгенімді атап өтсем, негізі биыл «Гүлдер» ансамбіліне 15 жыл. Мен бұл ансамбльге өзім 5 жасымнан бастап қатыстым. Мектеп бітіргенше үйірме қатысушысы болдым. Биге мені анам және үлкен әпкем апарды. Менің барлық конкурстарыма қалмай келіп, қолдау білдірді. Осылайша мен би әлеміне ендім. Алғашқы хореографым Ақшалова Раушан Қылышбековна деген кісі болды. Сол кісі 15 жыл бұрын «Гүлдер» би ансамбілінің негізін қалап кеткен. 12-13 жылдай осы ансамбльде өстім-өндім десем де болады, - дейді Дильназ.

Кейін Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов университетіне «Мәдени тынығу» мамандығы бойынша оқуға түсті, әлі де оқып жатыр. Бүгінгі күні 4-курс студенті. Оқумен қатар аудандық Мәдениет үйіне хореограф болып жұмысқа орналасты.

- Жұмысқа орналасқаныма 3 айдан асты. Келісімен бірден жаңа билер бастап кеттік, костюмдер тіккіздік, оның барлығы негізі ата-аналардың арқасы деп ойлаймын. Ата-аналардың қолдауы өте жақсы болды, костюм тіккізейік дегенде бірден келісті, конкурсқа да барайық деп келісімдерін беріп, үлкен қолдау танытты. Бүгінгі күні қарамағымда 60 қыз бар. Кіші тобым 7-9 жас аралығында, ортаңғы тобым 10-13, үлкен тобым 14-18 жас аралығында, - деді жас хореограф. Алғашқы ұстаз ретінде қатысқан конкурсым осы Қарағанды қаласындағы «New Star» ашық-шығармашылық конкурс-фестивалі. Фестивальге 40 шақты ансамбль қатысты. Шүкір, кіші тобым да, үлкен тобым да бірінші орынды иеленді. Үлкен топ «Корей» биімен, кіші топ «Өзбек» биімен өнер көрсетті. Дайындыққа бір ай уақыт кетті. Бір айдың ішінде биді үйреніп, костюм тіккіздік. Осы жолдағы жетістігім анам мен әпкемнің арқасында деп есептеймін. Бала кезімде менің бойымдағы дарынымды байқап, мені осы жолға әкелген және әрине өзімнің ұстазымнан алған қабілеттерім де маңызды рөл атқарды, - дейді.

Мақала жазу барысында фестивальге қатысқан Дильназдың шәкірті Райымқұл Ақниетпен сұхбат құрдық. Ол кіші топтың құрамында «Өзбек» биін билеген екен. Ол өзінің алғашқы жеңісіне қуанышы қойнына сыймай тұрды.

- Бұл менің алғашқы үлкен сахнаға шығуым. Ұстазыма үлкен рахмет. Алғашында қатты қобалжыдым, бірақ биді жатқа білетінімнің арқасында, ұстазымның қолдауының арқасында ойдағыдай билеп шықтым деп ойлаймын. Осы фестивальге арнайы костюм тіктірдік, маған дайындық барысы қатты ұнады. Біз өте көп дайындалдық, тіпті уақыт жақындағанда демалыс күндері де би алаңында өткіздік. Барлық достарымды жеңіспен құттықтаймын, - деді.

Осы орайда «Гүлдер» би ансамбілін 15 жылдығымен сондай-ақ атаулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сәтті қойылымдар мен адал жанкүйерлер, сонымен қатар би өнерінің шынайы жанашырларын табуларыңызға тілектеспіз!

А.Ерубаева

 

Суреттерде: жеңімпаз бишілер.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?