
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«1 минут»
04.11.2023
Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
Осы айтулы мерекеге орай Қарақұдық ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жасөспірімдердің қатысуымен «1 минут» атты шара өтті. Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру, елін сүюге, құрметтеуге, отанын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Тарих - мәңгілік дастанымыз» атты кітап көрме ұсынылды.
Жасөспірімдерге Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық жәнe саяси жетістіктері туралы әдебиеттерге шолу жасалып, кітаптың мазмұндары қысқаша таныстырылды. Сонымен қатар жасөспірімдермен «1 минут» интелектуалдық ойыны ұйымдастырылып, ойнатылды. Ойынды саралайтын әділқазылар алқасымен және ойыннның кезеңдері мен шарттарымен таныстырылып, сұрақтар проектор арқылы экранда көрсетіліп, ойынның бірінші кезеңі «20 сұрақ» бойынша сұрақтар оқылып 1 минут ішінде жылдамдық танытқан топтар жауап беруге тырысты.
Екінші «Ұяшықтар сөйлейді» кезеңі бойынша ұпай саны көп ойыншы бірінші болып ұяшық таңдауға құқылы болды.
Ал үшінші «Кітап - ашылмаған құпия» кезеңінде керісінше ұпай саны аз топ бірінші болып дайындалған екі құпия жәшіктің бірін таңдап, ал екінші топқа екінші жәшік ұсынылды. Құпия жәшіктің ішіндегі жасырылған қандай кітап екенін табу үшін алдымен жасырылған кітап бойынша қысқаша деректер берілді.
Екі топ та белсенділік танытып білгендерінше жауаптарын тауып отырды. Десек те, сайыстың аты сайыс, «Егемен» тобы жылдамдық танытып жеңіске жетті. Соңында екі топқа да естелік сыйлықтар табысталды. Осы шараға демеушілік көрсеткен жас кәсіпкер «Аманек» атынан Ерболатов Амангелді мен «Ер-Батыр» ФҚ атынан Хасенов Бақытжан атты азаматтарымызға алғыс білдіреміз.
Ж.Хасенова,
Қарақұдық ауылдық клуб
меңгерушісі