taza-kaz

Әнші балапандар жеңісі


21.10.2023

Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным!» атты облыстық патриоттық әндер байқауында жерлесіміз Нұрайым Ақылбекова 1-орынға ие болды.

9–12 жас және 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен байқауға Абай, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарынан, сондай-ақ Шахтинск, Балқаш, Теміртау, Қарағанды және Шаханнан барлығы 80-ге жуық әнші қатысты. Қатысушылар отан, туған жер және ел туралы патриоттық әндер орындап, сынға түсті.

Ауданымыздың атынан байқауға «Руханият» қосымша білім беру орталығының ұстазы Ақзер Мұхаметқалидің жетекшілігіндегі 5 әнші қатысты.

- «Руханият» қосымша білім беру орталығының тәрбиеленушілері Нұрайым Ақылбекова, Мәди Елубай, Раяна Жарылғапова, Бағдат Нұрланова, Айзада Аметхан талантты да, талапты балалар қатарынан. Нұрайым Ақылбекова вокал сыныбына 3 жыл қатысып келеді. Мәди Елубай вокал сыныбына 1 ай ғана қатысып, үлкен сахнаға шығып, өзін еркін ұстап, жақсы өнер көрсетіп шықты. Раяна Жарылғапова, Бағдат Нұрланова, Айзада Аметхан - барлығы да талапты, талантты, өнерлі. Мен өз оқушыларымның болашағы жарқын боларына сенемін, - дейді жетекшілері.

Байқау қорытындысы бойынша 80 қатысушы арасынан Нұрайым Ақылбекова 1-орын көгіне шығып, 20 мың теңгелік сертификатқа ие болды, Мәди Елубай, Раяна Жарылғапова, Бағдат Нұрланова, Айзада Аметхан алғыс хатпен марапатталды.

Б.Жакешова

 

Суретте: естелікке сурет.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?