
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Өлең сөздің патшасы... »
12.08.2023
Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елі қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Тамыз айының 10-жұлдызы күні Абай күніне арнап Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіру, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу, әндері мен өлеңдерін насихаттау мақсатында Қарақұдық ауылдық кітапханасында Амангелді орта мектебі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өлең сөздің патшасы...» атты поэзиялық марафон өтті. Онда «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты поэзиялық көрме, «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты көрме-сөзжұмбақ, әлем бойынша ақынға арналып қойылған ескерткіштерді таныстыру мақсатында «Абай Құнанбайұлының Республикамыздағы және шет елдердегі ескерткіштеріне саяхат» атты буклет және Абайдың 45 қара сөзінен кітапшалар дайындалып ұсынылды.
Поэзиялық марафон барысында ақынның өлеңдері мен әндерінің алғашқы шумағын бастап берсем, ал қатысушылар әрі қарай кезектесіп жалғап кетіп отырды. Жалғасын жаңылмай жатқа айтқан қатысушыларға жетон таратылып, жеңімпаз анықталды. Поэзиялық кештің жеңімпазы болу Акрам Аружанға бұйырды. Сонымен қатар жүлделі бірінші орынды Амантаев Арнат иеленсе, ІІ орынды Кәріпова Анель және Шұңғұлова Дильназ қызымыз ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен мадақтама қағаздар және Амангелді орта мектебінің психолог маманы Ш.Жалбырованың атынан сыйлықтар табысталды. Белсене қатысқаны үшін Мейірбек Мұхаммед те сыйлықпен марапатталды.
Шараның екінші бөлімі «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты сөзжұмбақпен жалғасты. Әр қатысушы тапқан жауаптарын көрмеге келіп жазып тұрды. Сөзжұмбақты шешу өте тартымды, әрі қызықты өтті.
Абайдың мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Оның дәлелін бүгінгі күнге арналған шарадан байқауға болады. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе сақтайық, қымбатты оқырмандар!
Г.Дүйсембек,
Қарақұдық ауылдық
кітапханасының
кітапханашысы