
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ревакцинация науқаны туралы Қарағанды облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар жүргізілуде.
04.08.2022
Ревакцинация науқаны туралы
Қарағанды облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар жүргізілуде.
2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №25 қаулысы шықты.
Осы қаулыға сәйкес коронавирустық инфекцияға (КВИ) қарсы ревакцинацияға жататын адамдардың контингенті кеңейтілді.
Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар жатады.
Ревакцинацияның мақсаты - КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, аурудың ауыр ағымының, постковидтік синдром түріндегі асқыну қаупін азайту.
Өркениетті елдердегі халық арасында қайта вакцинациялау COVID-19 айналымдағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды.
Бүгінгі күні облыста COVID-19-ға қарсы қайта ревакцинация жүргізу үшін келесі вакциналар қол жетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer.
Ағымдағы жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша:
Бірінші компонентке жататындарды вакцинациялаумен қамту – 71,2% құрайды, 726 777 адам егілді, жалпы контингенттің екінші компонентімен 66,5% немесе 679 203 адам егілді.
Ревакцинациямен 475 198 адамнан 253 801 адам қамтылды, бұл 53,4% құрайды.
Қайта ревакцинациямен 49 324 адамнан 24 663 адам қамтылды, бұл 50% құрайды.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, себебі біз бұрынғы шектеулерсіз өмірге орала аламыз.
Вакцинацияның басты мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, «ұжымдық иммунитетті» қамтамасыз ету.