taza-kaz

Covid-19-ға қарсы вакциналар жайында


12.02.2022

Құрметті ата-аналар, сіздердің назарларыңызды аударамыз - жарияланымдар ақпараттық материалдар болып табылады және өзін-өзі емдеуге ұсынымдар ретінде пайдаланылмайды.

1. Неліктен балаларды мектептерде вакцинацияламақшы? Онда қауіпсіздік жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етілген? Суық тізбекке қойылатын талаптар сақтала ма?

Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.

Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:

- салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);

- оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы оларға таныс ортада жеңілдейді;

- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ, бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;

- аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;

- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.

2. Ата-ана баласын вакцинациялау кезінде қатыса алады ма? Келісімнің бар-жоғы қалай тексеріледі?

КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.

Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.

3. «Пфайзер» вакцинасы қаншалықты қауіпсіз? Оның сертификаттары, жарияланымдары бар ма?

«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген.

Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін өндірісі ДДҰ-ның біліктілігін алған вакциналар сатып алынады, яғни елімізде осы ұйымның сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.

«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген.

ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейін және одан үлкен жасқа кеңеюіне алып келді.

4. Балада қандай асқынулар болуы мүмкін?

Өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес кейбір егілушілерде «Комирнати» вакцинасы мынадай күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін:

1) жиі (10%-ға дейін): инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттің ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнының қызаруы, жүрек айну, құсу;

2) сирек (1%-ға дейін): лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дімкәстік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнының қышуы;

3) сирек (0,1%-ға дейін): бөртпе, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар.

5. Вакцинациядан кейін баланы қалай бақылайды?

КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.

Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі. 

6. Балаларға жасалған БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғайды ма? Мүмкін осыған байланысты Пфайзерді (Файзерді) қабылдаудың қажеті жоқ шығар?

БЦЖ вакцинасы туберкулездің арнайы профилактикасы үшін қолданылады және бұл вакцина туберкулездің ауыр түрлерінен (милиарлы диссеминацияланған туберкулез, туберкулезді менингит) қорғайды.

Әлемдік практикада вакцинацияның КВИ-ден қорғауға әсерінің болуы туралы ғылыми негізделген дәлел жоқ.

Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. КВИ-ден қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинация ұсынылады.

Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасы ұсынылады, сондықтан  жасөспірімдерге бұл вакцина КВИ-ден спецификалық қорғау үшін ұсынылады.

(Жалғасы бар)

Қайролла Айжігітов,

СГ қадағалау және ТР-ң

орындалуын бақылау бөлімінің

 жетекші маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?