taza-kaz

Қауіпті індет – әңгіме өзегі


19.11.2021

Қараша айының 12-жұлдызында Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен білім беру және денсаулық сақтау бөлімінің адамның иммун тапшылығы вирусы бойынша бағдарламасының аумақтық басшысы Барбара Сингер, ЮНИСЕФ денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Жүсіпов Бауыржан Сәбитұлы келген болатын. 

Аудан әкімдігі ғимаратында ол кісілерді аудан әкімінің орынбасары Әлия Шайкенова, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Санжар Иристаев, орталық аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Айгүл Мергембаева қарсы алды. Жылы амандықтан соң Барбара Сингер кіріспе сөз сөйлеп, аудармашы Р.Нукежанова ол кісілердің ауданымызға қандай себеппен келгендіктері туралы қолма-қол аударып беріп отырды.

Бәрімізге белгілі, бүкіл әлемге таралған жұқпалы індет әлі де тоқтамай тұр. Бір оқу жылын үйде онлайн оқыған оқушылар биылғы оқу жылынан бастап мектепке барып оқып жүр. Алайда, үйлерінде жұқпалы аурумен ауырған үлкендерден балаларға да осы ауру жұғуда. Оқу жылы басталғаннан бері ауданымыздағы мектептерде сыныптар екі жұмалық карантинге жабылып отырғанынан хабардармыз.

Байыпты сұхбат барысында жалпы аурудың таралмауына байланысты атқарылып жатқан шаралар әңгіменің өзегі болды. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, сондықтан оның өмірге сау болып аттануы – бүгінгі денсаулық сақтау мекемелерінде қызметте жүрген мамандар мен билікті қатты алаңдатады. Бауыржан Сәбитұлы ауруды жұқтырған адамдардың жанындағыларға бірінші және екінші күні қауіпсіз болып, ал үшінші күні қаншама адамдарға жұқтыратынын, ал «Дельта» деп аталатын түрі  бастапқыда қауіпсіз болып, төртінші күннен асқанда алтыншы күнге дейін адамдар үшін қауіпті болып табылатынын айтады. Осы таңда Франция, Бельгия елдерінде адамдардың өлім көрсеткіші жоғары екендігін, сондықтан осы елдердің басшылығы қатаң талаптарды жүзеге асырып жатқанына тоқталды.

Санжар Бекмұратұлы мен Айгүл Сағдатқызы өз тараптарынан жұқпалы аурудың таралмауына байланысты атқарып жатқан жұмыстарын әңгімелеп, айтып берді.

Аурудың шыққан кезінен бүгінгі күнге дейін қаншама адам о дүниелік болып кетті, қаншамасын ақ халатты жандар біліктіліктерінің арқасында құтқарып қалды.

Байыпты кездесуде осы індетке қарсы күрестің барлық түрі жайында айтылып, ортақ шешім қабылданып отырды.

Әлия Шайкенова келген қонақтарға естелік сыйлықтар ұсынды, ол кісілер оларды қуана қабылдады. Онан соң жиналғандардың барлығы тренинг жұмысына қатысуға жиналды.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?