taza-kaz

«Рfizer» вакцинасы қашан жеткізілетінін айтты


09.10.2021

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Рfizer» вакцинасын елге әкелу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын айтты.

«Рfizer» бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. «Рfizer» компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Күтіп отырмыз. Менің ойымша, жуықта – төртінші тоқсанда алумыз керек. Тиісінше тоңазыту жүйесі толықтай түзіледі. Жеткізу кезеңінің өзінде Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті - 80 градустық режимге сай болғаны керек. Сондықтан, қажет жағдайдың бәрі жасалады», - деген ведомство басшысы вакциналау бекеттерінде қазірдің өзінде вакцина сақтауға барынша жағдай жасалғанын еске салды.

Оның айтуынша, «Рfizer» вакцинасын сақтаудың тәсілі қолданыстағы тәсілмен ұқсас. «Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады. Менің ойымша, вакцина келген кезге дейін тоңазыту желісі басқа вакциналарға да жарамды болады.

Бұл келешекте де вакциналарды бірнеше температура режимінде күтіп ұстаудың көпсатылы механизмін қалыптастыруға жол ашады. Қазір әлемде жасалып жатқан кез келген вакцинаны сақтаудың мүмкіндігі пайда болады», - деді министр.

ҚазАқпарат



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?