- Оқиғалар
- Айдарлар
- Мерейтойыңмен, газетім!
- Реформа өміршең өзгерістер
- Балалар жылы
- Елбасы
- Халық санағы
- Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
- COVID
- Жолдауға - қолдау
- Аудандық әкімдікте
- Қазақстандықтар табыс жолында
- Патриоттық тәрбие
- Мемлекеттік тіл – менің тілім
- Мемлекеттік қызметтер
- Құқықтық тәрбие
- Ақпараттық топ жұмысы
- Ардагерлерге - құрмет
- Еңбек адамы
- Деніңіз сау болсын
- Тұрғындар назарына
- Мектеп өмірінен
- Ауыл хабарлары
- АӨК және бизнес
- Рухани жаңғыру
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
- Biz birgemiz
- Ресми
- Кәсіпкерлікті дамыту
- САЙЛАУ
- Дін
- Жемқорлықпен күрес
- Референдум
- Аудан жаңалықтары
- Истории успеха
- Тағы
Вакцина - пандемияны жеңудің жолы
05.06.2021
Доскей ауылында сәуір айынан бері жұмыс орны бойынша Қарағанды қаласында екпеден өткендерді қоспағанда 150-ден аса тұрғын COVID-19-ға қарсы екпе алған.
Тұрғындардың көпшілігінің қызметі мен жұмысы қалада болғандықтан, сырқаттанудың алдын алу мақсатында ақпараттық-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ауылдық округі бойынша індетпен ауырған 24 науқас тіркелген. Оның 12-сі стационарда, 12-сі үйде ем алуда. Науқастармен байланыс жасағандар саны 29-ы құрайды.
- Ағымдағы жылдың 19 мамырында індетті жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың карантин режимін сақтауын қадағалау, коронавирустық инфекцияның өсуіне жол бермеу мақсатында мобильді топ құрылды. Білім беру, денсаулық сақтау, учаскелік полиция инспекторы және жергілікті қоғамдастық өкілдерінен құралған мобильді топ мүшелері 100-ден астам адамды қамти отырып, 17 аула мен пәтерді аралап шықты. Жұмыс барысында карантиндік талаптардың сақталуы, амбулаторияда вакцинация алу және міндетті медициналық сақтандыру туралы хабарламалар берілді. Сондай-ақ Доскей ауылының 23 тұрғынының жұмыс орны бойынша Қарағанды қаласында екпеден өткендігі анықталды,- деді бізге берген ақпаратында Доскей ауылдық округінің әкімі Ерболат Тоқмырза.
Мамыр айының соңында «Hayat-Vax» Біріккен Араб Әмірлігі өндірісіндегі вакцинаны Доскей ауылының дәрігерлік амбулаториясына түсуімен 8 адам алған. Олардың қатарында ауыл тұрғыны Бүркіт Ибраев та бар.
- Вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Отбасымызда әкем екеуміз екпеден өттік. Кешкілік өзімді жайсыз сезіну мен әлсіздік болды. Бүгін дене қызуы, ештеңе де білінбейді. Тек қолымда ауырсыну байқалады,- дейді Бүркіт Ибраев.
Ауылдық округ бойынша індеттің өсуін тоқтату мақсатында ақпараттық- насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, жиі қолданыстағы әлеуметтік желі парақшаларында жарияланым жасап отыратын ауылдық округ әкімі тұрғындарды екпеден белсенді өтуге шақырды.
Б.Жакешова