taza-kaz

Сауапты істер жасауда



14.04.2022

Ауданымыздың төңірегінде зейнет жасындағы адамдар мен аз қамтылғандарға қол ұшын беріп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлер бар екен. Олар – «Қабаев » жеке кәсіпкерлігі және «Қауысова» жеке кәсіпкерлігі. Біз осы дүкендерге барып, ұжыммен әңгіме құрған болатынбыз.

«Аңсар» дүкенінің ұжымы айтады:

- Біздің үш бөлімнің қыздары бірігіп, әр жұма сайын зейнеткерлер мен тұрмысы төмен адамдарға 30 бөлке нан ұсынып жүрміз. Сауапты ісіміз наурыз айының он бесінен басталды, - дейді олар.

Келесі дүкен – орталықта орналасқан «Әлғина» дүкені. Дүкен ашылған күнінен бастап осы сауапты іспен айналысып жатыр екен. Қуаныш бізге айтады:

- Жұма күні қасиетті күн, ол күні жұма намазы бар. Алланың разылығы үшін осындай дәстүрді дүкен ашылғаннан бері бастап кеттік. Алда қалай болатынын Алла біледі, жақсы дәсүрімізді үзгіміз келейді, әрі қарай жалғастырсақ деген ниеттеміз. Жағдайы төмен отбасыларға шамамыз келгенше көмектесуге тырысамыз, ақшалары жетпей жатса, кешіріп дегендей. Рамазан айының құрметіне сыйлықтар жасап жатамыз, халыққа кішкене болсын пайдамыз тисін деген ниетіміз бар, - дейді.

Қасиетті Рамазан айындағы ізгілікті істеріңіз қабыл болып, жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Алланың разылығы үшін дәулеттеріңізге сай беріліп жатқан игі істеріңіздің саны көбейе берсін демекпіз.

 

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?