Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
«Жылы жүрек, жомарт қол»
05.02.2022
Халқымыздың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық пен кеңпейілділік.
Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Осы орайда Байқадам орта мектебі оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясын өткізді.
Мектеп директоры Р.Жұмағұлова акцияның өту барысында мектеп оқушыларына жомарттық, ізгі іс жасаудың маңыздылығы туралы айта отырып, келешек ұрпаққа ақ тілегін білдірді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы болып табылады.
«Жомарт жүрек» акциясында ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Г.Құдайбергенова, М.Зиянур, А.Бодаухан, Ү.Құтбай және мектеп арендаторы Ж.Қонысбаева тамақ өнімдерін ұсынды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына жеміс-жидек, кәмпиттер таратылды.
Тағылымы терең, мәні зор іс-шара барысында демеушілер қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өз үлестерін қосты. Жүректеріне жылулық сезімін сыйлады.
Міне, дәл осындай игі істер өскелең ұрпақтың санасына қайырымдылық пен бауырмалдық ұғымдарын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Сонымен қатар «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы барысында 6-7-сынып оқушылары арасында «Дені саудың - жаны сау» эстафеталық жарыс және сурет байқауы өткізілді.
Аталған шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Мектеп оқушылары мектеп ұстаздарына, ата-анасына, оқушыларға, туған еліне, Отанына деген ризашылықтарын білдіріп, қызықты флешмоб өткізді.
К.Сағанаева,
аға тәлімгер
Ж.Күнбазарова,
педагог-психолог
Байқадам ЖББМ





