taza-kaz

Бірлігіміз жарасқан



27.04.2024

Қарақұдық ауылының жастары су тасқынынан зардап шеккен отандастары- мызға арналған гуманитарлық көмекке өз үлестерін қосты.

Әр уақытта өздерінің береке-бірліктері, бауырмалдықтарымен көпке үлгі болып жүрген қарақұдықтық жұртшылық ерледі. Аға буыннан өнегелі тәрбие көріп өскен жастарымыз қаражат жинап, табиғи апат салдарынан ауыр жағдайға тап болған отандастарымызға азын-аулақ болса да көмектерін көрсетті.

42-ге жуық азамат жинаған 84 мың теңге қаражатқа 25 дана 2 литрлік электр шәйнек, 5 килограммдық 7 қап ұн, 2 килограммдық 32 қорап рожки алынды. Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинап жүрген жігіттерді көрген базардағы тәжік жігіттер өздерінің атынан көмек ретінде 1 жәшік (144 дана) кесе ұсынған екен.

Осы заттар Қарағанды қаласындағы Достық үйінен ашылған гуманитарлық көмек қабылдайтын пунктіге табысталды.

- Бірлігі жарасқан ел екендігімізді көрсетіп, табиғи апаттан зардап шеккен бауырларымызға көмек ретінде ауыл азаматтары арасында қаражат жиналып, керекті заттар, азық-түлік алынып, гуманитарлық көмек жинап жатқан штабқа тапсырылды. Әр бастаманы қолдап, қолпаштап отыратын, әркез көмек қолын созуға дайын ауылдастарыма алғыс білдіремін, - дейді Қарақұдық ауылының әкімі Бауыржан Жұмағұлов. 

Ерліктің, бауырмалдықтың, қазақылықтың озық үлгісін көрсете білген жігіттерге жарайсыздар дегіміз келеді. Ел басына ауыр күн туғанда жылы төсекте жата алмай, көмекке, жақсылық жасауға асығып тұратын азаматтарымыз аман болсын.

Б.Жакешова

Суретте: азаматтардың гуманитарлық көмегі.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?