taza-kaz

Бірлігіміз бекем болсын!



27.04.2024

Табиғи апат - су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Құлсары, Ұлытау елдімекенінің халқына гуманитарлық көмек жіберуге өз үлестерін қосқан Үміткер ауылының тұрғындарына алғыс білдіремін.

Ел басына ауыр күн туған уақытта халқымыздың бірлігі, жанашырлығы сыналған шақта бір ауыз сөзімізді жерге тастамай, бауырмалдық танытқан ауылдастарыма алғысым шексіз. Осы тұрғыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өз қолдауымызды көрсетсек деген тілекті қабыл алып, қолда бар қаражатын ұсынған, халықтың күші бірлікте екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп берген жерлестерімді атап өткім келеді. Олар - Олжас Зүбайлдинов, Айман Искакова, Жарас Сейдахметов, Нұртас Сұлтан, Арман Төкенов, Нұртөлеу Ештаев, Дәурен Серкебаев, Айнұр Құрдабаева, Асылхан Молдабаев, Өміржан Отыншин, Ержан Жүргембаев, Асылбек Алпысбаев, Нұрболат Сұлтан, Руслан Зияда, Қабиболла Сембаев, Мұрат Сатбеков, Бекзат Имашев, Саят Әбілғазин, Жұмағали Балпанов, Елдос Құлтаев, Алтынай Қауызова, Мейрам Қабдиев, Бауыржан Путятин, Қайрат Ахметов, Қанат Әбілғазин, Ербол Байжұманов, Бауыржан Резин, Айдын Түлкібаев, Жарқын Шакишев, Орынбай Тосқымбаев, Алтынбек Смайылов, Денис Путятин, Есболат Төлеубеков, Айдын Алдаров, Төлеухан Ныязбеков, Мақсат Мазанов, Ертай Итжанов, Ербол Асқаров, Алтынтөре Жұмаділов.

Осы тізімде есімі аталған барша ауыл азаматтарына үлкен алғыс білдіремін. Жақсылық жасауға асыққан осы жандардың арқасында қаражат жиналып, ең қажет деген азық-түлік алынды.

Біріксек алынбайтын қамал, көтере алмайтын жүк болмайды. Бірлігіміз мәңгілік болсын!

Ерсін Залелов,

Үміткер ауылдық округінің

әкімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?