
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жаны жомарт, қайырымдылыққа жақын жан
03.02.2024
Аптаның басында аудан орталығында орын алған жарылыс тек қана 12 отбасы үшін емес, барша бұқаржыраулықтар үшін айтпай келген үлкен қайғы болды. Қазақта «қайғыны бөліссең азаяды» деген сөз бар. Біздің халық ағайын, бауырдың басына күн туғанда ешуақытта қол қусырып отырмаған. Қазақтың қанына сіңген осы қасиетін Бұқар жырау ауданының жұртшылығы дәл қазіргі сәтте көрсете білуде. Кешегі жарылыс салдарынан ауыр жағдайда қалған жерлестерімізді қолдау мақсатында жасалып жатқан шаралардың алғы шебінде патриот азаматтар, жаны таза адамдар жүр.
Бір жыл бұрын Ботақара кентінің кіре берісіндегі қабірлерге келіп, Құран бағыштаушы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында топ құрылған болатын. Топ «Ботақара. Біз біргеміз!» деп аталады. Құрылған топтың жинаған қаражатына қабірлер маңына пеш, үстелі, орындықтары, басқа да қажетті жабдықтары бар ғимарат салынған болатын.
Аталған топтың белсенді азаматтарының бірі Медет Байжанов апаттан зардап шеккен тұрғындарға өзінің көмегін көрсетті. Ол газ баллоны жарылысы салдарынан қиын жағдайға тап болған 12 отбасы үшін «Шығыс» базарына барып, сатушылармен келісіп, өзінің жүк көлігіне артылған көкөністер мен өз атынан 30 мың теңгеге алынған азық-түлікті «АMANAT» партиясының Бұқар жырау аудандық филиалы жанынан ашылған гуманитарлық көмек қабылдау орнына әкеліп табыстады. Бір жүк көлігі толы көкөністер еріктілермен 12 отбасыға табысталды.
- Бауырларымыз осындай ауыр жағдайға тап болып отырғанда қол қусырып отыра алмадым. Азын-аулақ болса да үлесімді қосқым келді. Халқымыздың бауырмалдығы, бірлігі, татулығы осындай қиын күндері көрінеді емес пе?! Қазіргі күні ауыр жағдайға тап болған 12 отбасы үшін көмек көрсетіп жатқан әр жанға рахмет. Бірлігіміз, бауырмалдығымыз еш уақытта азаймасын, - дейді Медет Байжанов.
Жаны жомарт, қайырымдылыққа жақын Медет Байжановқа сауапты іске үлес қосқан қайырлы амалыңыз Алладан қайтсын дегіміз келеді.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреттерінде: азық-түлікті тарату сәттерінен.