
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауылдағы ізгі істер

13.01.2024
Ақөре ауылы – аудан орталығынан біршама қашықтықта орналасқан елді мекен. Ауылда қыс айларында қар көп түседі, бораны да ерекше. Кеңес үкіметі тұсында бұл жердегі егін шығымдылығы ерекше болғаны бәрімізге мәлім.
Барлық жердегі секілді, кезінде бұл ауылдың тұрғындары да ұлы көшпен қалаға жылжыған. Қазіргі уақытта ауылда шыдамды, еңбекқор адамдар тұрады. Екі қолы мен еңбегіне сенген адамдар ауылға үйренген, қалаға көшкілері келмейді. Әрине, мұндай адамдардың қатарында егде жастағы жандар, денсаулығы еңбекке жарамсыз адамдар да бар.
Нұржан Елжанұлы Берікбаев – осы ауылда өмірге келген азамат. Ата-анасымен бірге тұрады. Мамандығы – ауылдың білім шаңырағында ұстаз. Оқушыларға білім сіңіруде. Ұстаз тек балаларға білім берумен шектелмей, ауылдың адамдарына мейірім шуағын төгіп жүрген азамат екен.
- Мен ауылда үш жылдан бері өз еркіммен жалғыз басты адамдарға, отбасында денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтын адамдарға, аз қамтылған отбасыларға көмек жасап жүрмін. Әзірше жалғызбын. «Қамқор жүрек» деп аталатын еріктілер ұйымында жұмыс жасаймын. Өзіме еңбекке жақын, жанашыр жастардан команда жинау ойымда бар. Карантин уақытынан, балаларға үйлеріне тапсырмалар таратудан бастау алған жұмысым қазір басқа арнаға ауысты. Қазіргі уақытта үйлердің маңын қардан тазарту жұмысын атқарамын. Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, көп балалы отбасыларға киім-кешекті облыс орталығындағы «Балақажы» мешітінің «Ана мама» қорынан алып, көлік жалдап алып келіп, таратамын, - дейді бізбен әңгімесінде.
Нұржан Елжанұлы ауылдастары үшін жанашыр азамат. Үлкен шаруашылықтың иелерінен техникасын шығарып, үйлердің маңайын қардан тазалап беруді сұрап, жағар майын өз есебінен құяды екен. Адамдардың ақ батасын алып, қуанған жүздерін көргенде жақсылық жасаған жан бір ерекше сезімге бөленеді, жүрегі шаттықа, қуанышқа толады.
Ислам дінінде сауап - жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарған адам сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірімін иеленеді дейді Құран кәрімде. Осындай сауапты істер атқарып жатқан ауыл кәсіпкерлері мен осы азаматқа мықты денсаулық, таусылмайтын жақсы істер тілейміз.
Қ.Ахметова
Суреттерде: Н.Берікбаев оқушылармен қар тазалауда; азық-түлік табысталды.