
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Кәсіпорын жұмысымен танысты
26.02.2022
24-ақпанда Бұқар жырау ауданының әкімі С.Аймақов орынбасары С.Дардаковпен, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Құрманғалиевпен, аппарат басшысы А.Микеновпен, аудан прокуроры Ж.Накишевпен, ауылдық округ әкімі С.Шаяховпен бірге Сарыарқа ауылындағы құс фабрикасына жұмыс сапарымен барды.
Фабрика ауылдан біршама алыстау жерде орын тепкен. Қоршалып қойылған құс баптайтын ғимараттарға арнайы рұқсатпен, арнайы киіммен ғана кіре алады келген адамдар.
Кәсіпорында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Кәсіпорынның алып жатқан аумағы ауқымды, атқаратын жұмыс көлемі де ауыз толтырарлықтай. Кішкентай ғана, жылуды сүйетін, баптауды қажетсінетін құстардың арқасында тек қана еліміздің ішінде емес, сырттағы мемлекеттерге де өнім молынан жөнелтіледі. Дайын өнім Қарағанды, Алматы, Астана т.б. ірі қалаларға жеткізіледі екен. Жуырда үлкен фура автокөлігіне Ауғанстан мемлекетіне жұмыртқа өнімі артылыпты. Қарағанды қаласындағы үлкен желі «Магнум» өнімнің ұзақ жылдардан бергі тұрақты сатып алушы, өндіруші мен сатып алушының арасында достық, түсінушілік секілді жақсы қарым-қатынастар орнағанын айтады мекеме басшысының орынбасары Е.Әбілдин.
Бұл кәсіпорынға ауылдан, Қарағандыға жақын шағын аудандардан адамдар қатынап, жұмыс істейді. Бұндай үлкен кәсіпорынның ауқымды жұмысын бірінші рет көргендіктен, көз алдымызда өтіп жатқан барлық процестерге таңғала қарадық. Кәсіпорынның темірдей қатаң тәртібі, жұмыс атқарудағы әрбір маманның тиянақтылығы таңдай қақтырды. Жұмыртқа өнімі тауықтың ұясынан алынып, сұрыпталады, ол ақырындап арнайы контейнер арқылы қағаздан жасалған арнайы салғыштарға отыздан салынады, онан соң контейнер шетінде тұрған жұмыскерлерге дейін жетеді. Олар бұл ораманы алып, қағаз жәшіктерге орнықтырып, біршама уақыттан соң қоймаға апарып, орналастырады. Осы қоймада арнайы жүк машинасы кіретін қақпа бар, осы қақпадан еліміздің әр түкпіріне жұмыртқа өнімі жөнелтіледі.
Бір қарағанда бәрі оңай көрінгенімен, кәсіпорынның күнделікті жұмысында өзіне тән қиыншылықтары бар. Құс жемінің, дәрумендерінің, балапандарды өсіруге керекті электр энериясының қымбаттауы, тағы да көптеген факторлардың орын алуы кәсіпорын басшыларын үнемі алаңдатады. Жаз айында жұмыскерлердің жетіспеуі де өз алдына үлкен мәселе.
Кәсіпорынның жұмыскерлерімен сұхбаттасу барысында ауданымыздың басшысы осы жерге келу - жұмыс орнындағы адамдарды алаңдатып жүрген мәселелерін тыңдау, жұмыс атқару барысында кездесетін мәселелерге назар аудару, жалпы ахуалды, адамдардың көңіл-күйін байқау, білуді мақсат еткенін айтты.
Кездесуде басшы мен жұмыскерлер арасында жылы қарым-қатынас орын алғанын айта кеткен орынды болар. Басым көпшілігі нәзік жандылар болып табылатын ұжым жұмысқа әкелудің жақсы жолға қойылғанын, еңбекақылары уақытылы берілетінін айтқан еді.
Өңір басшысы Үштөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездескенін, ондағы кездесуге жұмыстағы адамдардың келе алмағанын айтып, жұмыс орындарына барып, адамдармен танысуды, өзекті мәселелер туралы білуді мақсат еткені жайында тілге тиек етті.
Жұмыс болған соң ұжым басынан небір қиындықтар өтетіні белгілі. Ондай жағдайда құс шаруашылығы басшысы қарапайым жұмысшы болып та кетеді екен. Нәтижесінде жұмыс орны үлкен жетістіктерге жетіп жатады. Адамдардың алғысын алып, бойына күш берер өнімін өндіру, нарыққа шығару жолында көптеген ізденістерге, тәуекелдерге барып жатқан кәсіпорынның болашақтағы жолы сара боларына сенгіміз келеді.
Әрбір адам үшін жасынан үйренетін қол еңбегінің орны ерекше. Адал еңбек адамның шаңырағын молшылыққа бөлейді, ер атандырады, ұрпағына үлгі етеді. Өмірдің өзі еңбектен тұрады. Еңбек етіп, қолы қимылдаған адамның дастарханы әрқашан толы болады. Құс өнімін өндіру нарығында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұжымның бүгінгі жетістіктері орасан зор, шешімін табар тұстары да біршама.
Адамдардың игілігі үшін еңбек етіп жатқан ұжымның алдағы еңбегі зор, алар асулары мен алғысы көп болсын демекпіз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: С.Аймақовтың ұжыммен кездесуі; жұмыртқа сұрыптау.