Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Берекелі күздің бергені көп
24.09.2026
Күз - еңбектің бағасы мен жердің жомарттығы көрінетін мезгіл. Егін жинау науқаны – ауыл тіршілігінің қызған шағы, алтын дәннің сыңғыры мен комбайн үні астасқан еңбек мерекесі. Бұл – маңдай термен келген молшылықтың, ел ырысы мен жер құтының жарқын көрінісі.
Күз – диқан қауымы үшін еңбектің нәтижесі көрінетін ерекше мезгіл. Жаз бойы маңдай терін төккен шаруалар осы кезде егістіктегі мол өнімді жинауға кіріседі. Күзгі егін жинау – ауыл шаруашылығындағы ең маңызды кезеңдердің бірі.
Егін жинау науқаны басталғанда кең дала еңбек думанына айналады. Алқаптарда комбайндар гүрілдеп, ауыл шаруашылығы техникалары тынымсыз қозғалады. Күнге шағылысқан масақтар теңіздей тербеліп, орақ тиген сайын алтын дән қойнына құйылады. Дәнді дақылдар уақытында орылып, арнайы қоймаларға жеткізіледі. Жиналған астықтың сапасын сақтау үшін оны кептіріп, тазалап, қажетті температура мен ылғалдылық жағдайында сақтайды.
Өткен аптада Бұқар жырау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Амралин Ростовка ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Басшымен бірге ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аман Көпенов пен Ростовка ауылдық округінің әкімі Бағдат Шөкенов те қызу жұмыс жүріп жатқан жерлерді - дәнді дақылдар мен картоп алқаптарын аралады, жұмыстардың басы-қасында жүрген азаматтармен сұхбат құрды.
Ростовка ауылдық округінде орналасқан «Киров» өндірістік кооперативінің атқарып жатқан жұмыстары елеулі. Биылғы жылы көктемде жер ананың 1 377 гектар жеріне сіңірілген бидайдан 2065 тонна алтын дән орылып алыныпты. Бір гектарына 15 центнерден келеді. Ал екінші нанымыз болып табылатын картоп 724 гектарға себіліп, осы күнге 17 500 тонна, 250 центнерді құрапты.
Басшылар бидай мен картоп сақталатын жерді, бидай мен картоптың тазартылып, қоймаға жеткізіліп жатқан жұмыстарымен танысты. «Киров» өндірістік кооперативінің директоры Константин Скридоненков басшылық пен еңбеккерлердің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары жайында әңгімелеп берді.
Осы өндіріс кооперативіне тиесілі алқаптарға да барды басшылар. Күн жылы, жұмыстар қызу жүруде. Бұл ұжым бұрнағы жылдардағыдай адам күшін пайдаланбайды. Арнайы комбайн картопқа зақым келтірмей, қазып алып, арнайы құрылғыға жинайды. Осы жерден картоп көліктің жүк артқышына төгіледі. Адам қолы осы жерде керек екеін байқадық. Үзілісте комбайнда отырған келіншектер машина жүріп кеткен соң түсіп, шашылып қалған картопты жинап алады.
Онан соң басшылар Красная Нива ауылында орналасқан «Агрохолдинг Береке» ЖШС-на барды. Басшысы Андрей Бондаренко болып табылады. Бұл жерде де жұмыс өте қызу. Жер қойнауына 14 200 гектар бидай себіліп, оның ішінде 1 550 г арпа бар, алынғаны 9965 тонна бидай, 1120 тонна арпа, әрбір гектардан 8 центнерден өнім түсті. Екінші нанымыз болып табылатын картобымыздан 70 гектар себіліп, 1960 тонна картоптан 280 центнерден өнім алыныпты.
Күзгі жиын-терімнің нәтижелі болуы ауа райына, техниканың дайындығына және еңбеккерлердің ұйымшылдығына байланысты. Сондықтан шаруалар егін орағына алдын ала қамданып, техникаларын мұқият тексеріп, жанар-жағармай қорын қамтамасыз етеді. Әрбір жылы күнді тиімді пайдалану – дала төсіндегі алтын байлықты ысырапсыз жинаудың кепілі. Сондықтан шаруалар егін орағына алдын ала қамданады.
Егін жинау – тек шаруалардың емес, бүкіл елдің берекесімен байланысты еңбек. Астық пен картоп – халықтың негізгі азық-түлік өнімдері.
Қамбаға құйылған әрбір дән мен картоптың әрбір түйірі – диқанның табандылығы мен туған жерге деген адалдығының белгісі. Сондықтан диқанның еңбегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
«Жаздың бір күні – жылға азық» дейді дана халқымыз. Бір жұдырықтай болып жұмылып, азық-түлік молшылығын жасап жатқан еңбек адамдарының істері берекелі болсын демекпіз!
Қ.Ахметова





