taza-kaz

Ескерткіш тақта орнатылды


18.05.2024

Соғыс деген суық сөз. 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталған жалын мен от шашылған майданда қаншама жерлестеріміз оққа ұшып қаза болды. Отан соғысының жалыны өшкеніне 79 жыл болғанымен, қаншама жүректерде оның салған жарасы әлі жазылған жоқ.

Біздің ауданымыздан да осы соғысқа көптеген азаматтар қатысты. Оққа ұшып жат жерде сүйегі қалғандары да, еліне аман-есен оралып, бейбіт өмірде еңбек етіп, ұрпақ өрбіткендері де бар. Құрмет Бұқпанұлы Танашев Киев, Брест қалаларының жаудан азат етілуіне қатысып, өзінің жауынгерлік қасиеттерін танытты. 1947 жылы елге оралып, Үміт апаймен шаңырақ құрып, үш ұл, екі қызды өмірге әкеледі. Өзінің туған ауылында еңбек етіп, замандастарымен араласып, мағыналы өмір сүрді. Бүгінде Құрмет аға да, жан жары Үміт апай да өмірде жоқ, алайда ол кісілердің аттарын асқақтатып жүрген ұрпағы бар. 

10-мамыр күні Ботақара кентінің орталығында марқұм ағамыз тұрған үйге Құрмет ағаға арналып ескерткіш тақта ашылды. Салтанатты шараға аудандық мәслихат төрағасы А.Әли, аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.Көпбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Мұратхан, марқұм ағаның туған-туыстары, балалары қатысты.

Құрмет Бұқпанұлы ағамыздың ескерткіш тақтасын   ағамыздың жерлесі, химия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, профессор Арыстан Ғазалиев пен баласы Елубай ашты. Арыстан Мәуленұлы ағамызбен соңғы кездесуін әңгімелеп, қызықты естелік айтып берді.

Ескерткіш тақта ашылған соң аудандық мәслихат төрағасы Асхат Сағадиұлы, ақжарлық азамат, химия ғылымдарының докторы, профессор Бораш Төлеуов тебіренді, марқұмның атына жылы сөздерін арнады. Ағаны есіне сонымен бірге Ахмадия Бейсембеков ата алды.      

Құрмет ағаның шаңырағының жанында Өмірұлы Бақдәулет рухына дұға бағыштады.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде:  Қ.Танашевтің ескерткіш тақтасы; жиналған туған-туыстар; құрметті қонақтар.    



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?