Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Тәуелсіздік тамашасы
25.12.2021
Аудандық орталық модельді кітапхана мен аудандық мемлекеттік архиві Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты кездесу кешін өткізді.
Осы күнгі кештің құрметті қонақтары Мүгүлсім Шибаева, Берік Абдрахманов, Кенжеш Әдиетова, Рашид пен Ботакөз Рахимовтар, Жанна Блялова, Қалиасқар Шыныбектегі, Айгүл Оспанова, Айгерім Искакова, Нариман Хасенов, Айкүміс Дүкенбаева, Тоқтар Қайроллаев киелі шаңырақ төрінен құрметті орындарын алды.
Кеш жүргізушісі Іңкар Мұқан:
Армандарды жақындатып там алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш, - деп,
егемендігіміздің 30 жылдығын жарялап, қуана жар салды.
«Елу жылда – ел жаңа» дейді халық даналығы. 1991 жылы өмірге келген бүлдіршіндер міне, 30 жасқа келіпті. Сол кездің ауыртпалығын, көптеген жоқшылықты ата-аналарымен бірге көрген, қараңғыда сабақ оқыса да, оқуларында үлкен жетістіктерге жеткен Отанымыздың азаматтары мен азаматшалары бүгінгі таңда егеменді елінің игілігіне еңбек етіп, отбасын құрып, ата-ана, бала-шаға қамына тер төгіп жүрген жандар болып қалыптасты.
Ұлық мейрамның 30 жылдығына арналған кітапхана үйіндегі кездесу 1986 жылғы ұлт батыры Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі туралы көрініс пен «Желтоқсан желі» әнімен бастау алды. «Зерде» бейнемобилі қызметкерлері көріністі жеріне жеткізіп орындай білді.
Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, мәдениет майталманы М.Шибаева өзінің мәдениет саласында еңбек еткен жылдарын, әріптестерін сағынышпен еске алып, тебіреністі естеліктерімен бөлісті.
40 жылдан бері кітапхана оқырманы болып келе жатқан Берік Абдрахманов қасиетті кітап туралы ойларымен бөлісті. Қ.Шыныбектегі 1986 жылғы қанды оқиға туралы өз көзімен көрген дүниелерді еске салды. Архив қызметкері Кенжеш Әдиетова өткен күндер елегінен әңгіме өрбітті. Медбике Айгүл Оспанова 30 жылдан бергі медицина саласындағы қызметінен, жеткен жетістіктерінен хабардар етті. Ұстаз Жанна Блялова осы қиын жылдары ауданымызға жас маман болып келіп, еңбекақы деген болмағанын, бірақ ұстаздар қауымы қиыншылықтардың барлығына шыдап, осы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күндерге жеткенін тілге тиек еттті.
Ауданымыздың Құрметті азаматы, мәдениет жанашыры, бүгінде зейнет демалысындағы Мүгүлсім Шибаева апай рухани майдан қызметкерлеріне екі кітап – Абай өлеңдерін және «Ұлытаудан – Алатауға» мақалалар мен пікірлер кітабын сыйлады.
Сонымен бірге Тәуелсіздік құрдастары Тоқтар Қайроллаев, Арман Бісмилдина, Айкүміс Дүкенбаева, Нариман Хасенов т.б. тәуелсіз елдің болашағына адал қызмет етуге уәде берді. Кітапхана қызметкерлері Индира Асқарова, Іңкәр Мұқан, Айгүл Ерубаева, Гүлайым Жұмкеновалар осынау шараны өте жылы жағдайда ұйымдастырғандарын айта кеткен жөн.
Қызмет жемісі – оқырман ілтипаты. Сіздердің еңбек - рухани майданды бағындырар белес болсын. Тәуелсіздік құтты болсын, рухани күш жауынгерлері!
Қ.Ахметова
Ж.Макишевтің суреттерінде: шара сәттері.




