Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Ел ертеңі – «Жас ұлан»
25.12.2021
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.
Аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғарғы рухани адамгершілікке, өз елін, өз Отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді.
«Жас ұлан» ұйымына қабылдаудың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық-әлеуметтік, біліктілік және шығармашылық белсенділігін көтеру. Оның міндеті әлеуметтік маңызын талап ету, мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибесін дамыту.
Биыл «Жас ұлан» ұйымының құрылғанына 10 жыл. Жыл сайын олардың қатары артып келеді.
Бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі республикамызда жылда аталып өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ботақара жалпы білім беретін мектебінің ең үздік, ең үлгілі, мықты деген 20 оқушысы жиналып, «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелігіне қабылданды.
Ұйымның жаңа мүшелеріне туымыз түстес галстук пен төсбелгілері тағылды. Қабылданушылар патриот болуға, елі мен жерін, ата-анасын қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.
Мектебіміздің директоры Серік Амантайұлы Аймағамбетов «Жас ұлан» ұйымының мүшелеріне ақ жол тілеп, жүрекжарды ақ тілегін білдірді.
Елбасымыздың алдымызға қойған ұлы міндеттерін жүзеге асырып, еліміздің патриоттарын тәрбиелеуге мектеп ұжымы мен «Жас ұлан» ұйымы аянбай еңбек ете береді.
А.Искакова,
Ботақара орта мектебінің
аға тәлімгері




