taza-kaz

Марапатқа лайықты азамат


16.12.2021

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай біздің жерлесіміз, Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Евразиялық университетінің профессоры, «Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылық және этносаралық қатынастар» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ұстаз, тарихшы, драматург-жазушы, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Жамбыл Омарұлы Артықбаев Бұқар жырау ауданының әкімі Сержан Жанабекұлы Аймақовтың қабылдауында болып, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Елі мен туған жеріне сіңірген еңбегі азаматты осындай көкжиекке көтерді. Біліммен бәсекелескен заманда әрқашан оқ бойы озып, ғылымның тереңіне бойлаған, халқына, елі мен жұртына бергенінен беретіні әлі де көп ағамыздың осы марапатына жерлестері бөріктерін аспанға атып, қуанды десек артық айтпаспыз.

«Білекті – бірді, білімді - мыңды жығады» дейді дана халқымыз. Білімді адамның жүрген жерінде әрқашан шоқтығы биік, ойы озық, орыны төрден болатынына куә болып жүрміз.

Алдағы уақытта да Жамбыл Омарұлы ағамыздың білім кенін игеруде жалықпайтынына, шаршамайтынына, өзі секілді білімді ұстаздарды қоғамымыздың игілігіне лайықтап, жолдама беріп аттандыратынына сенімдіміз.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?