Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Құрметті азаматпен кездесу
11.12.2021
Әр дәуірдің қайталанбас, дара тұлғалары болады.
Ондай жандар дүние есігін ашып, есін білгеннен бастап, білім алып, еліне, жеріне пайдалы азаматтарға айналады.
Биылғы жылы Бұқар жырау ауданының төңірегінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тағылымды да тәлімді шаралар көптеп өткізілуде.
Желтоқсан айының 7-жұлдызында аудандық музей ұжымы тағы да бір тағылымды шараны көрермендер назарына ұсынды. Аталмыш шарада Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлымен мектеп оқушылары кездесіп, өздері үшін тәлім мен тәрбие алды.
Төрден орын алған құрметті қонақтар – аудан әкімі Сержан Аймақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төкен аға Арбабаев, Әбілғазы Қалиақпарұлы, аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әли ағаларымен жылы леп ескен ортада кездескен мектеп оқушылары шара барысынан еліміз бен жерімізге, Республикамыздың дамуына қатысты көптеген деректермен танысты.
Осынау кездесудің басты кейіпкері Әбілғазы Қалиақпарұлы 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Майөзек кентінде өмірге келген. Қайтсем үйіме, ата-анама жағамын деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген баланың жүрген жерінде сабағы үздік, тәртібі жақсы, құрдастарымен достығы адал да берік болды.
Сонымен, мектептен түлеп ұшатын уақыт та келіп жетті. Ең алдымен ол Қарағанды қаласының тау-кен техникумының түлегі атанды.
Еңбек жолы сәтімен өріліп, тәуелсіздігімізді алған 1991 жылдан Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы, 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, 1999 жылдан ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, онан кейін көлік және коммуникациялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, 2002 жылдың наурызынан –Экономика және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы, көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, 2007 жылдың қазанынан Көлік және коммуникациялар министрі атанған ағаларына оқушылар қызыға қарады.
Сонымен бірге Әбілғазы Қалиақпарұлы ҚР Парламенті Сенаты бірінші шақырылымының депутаты, онан кейінгі жылдары Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарып, еңбекте үлкен жетістіктерге жеткен азамат, «Барыс» және «Құрмет» ордендерінің иегері біздің ауданымыздың жоғары сынып оқушыларымен, олардың тәлімгерлерімен кездесу барысында әлі күнге дейін өзінің қоғамда болып жатқан өзгерістердің барлығына азаматтық ұстанымы, өз көзқарасы бар екендігін көрсетті.
С.Аймақов ақжарма тілегін білдірген соң, шараның көзайымына айналған Әбілғазы аға өзінің жүріп өткен жолына көз тастады. Адал жүріп, адал қызмет ету, адамдар үшін, елі үшін пайдалы болу – әрбір мектеп оқушысының өмірлік қағидасына айналуы керек, ал осының барлығының бастауы – ең алдымен отбасында, ата-ананың жанында қалыптасатыны белгілі. Бүгінде екінші ата-анасы - ұстазының қасында жайраңдап, шаттықта жүрген әрбір баланың міндеті – сабағын жақсы оқу, тәртіпті болу, үлкенді сыйлап, елі мен жерінің жанашыры, ата-баба салты мен дәстүрлерін жалғастырушы болу.
Аудан зейнеткерлерінің жанашыры Төкен аға Арбабаев та Әбілғазы Қалиақпарұлымен тұспа-тұс еңбек еткен жылдарына көз тастады, тебіренді. Ел адамы, халықтың сыйлы адамы болу ешқашанда оңай болмағанын, халық алдындағы әрбір адам өзін айна алдында жүргендей ұстауы керек екендігін, бәрінің де әділ бағасын беруші – халық екендігіне әкелді сөз түйінін.
«Руханият» қосымша білім беру орталығының күміс көмей әншісі Саян Бөдесов күмбірлеген домбырасынан әдемі ән төгілдірді.
Еңбекпен келген жеміс әрқашан тәтті. Еңбектің мәні әрқашан жоғары, ол адамның адам болып қалыптасуына өзінің үлкен әсерін тигізеді. Осы кездесуден үлкен әсер алып, мектебіне асыққан балалардың ендігі уақытта еңбекке, оқу мен ғылымға ден қоярына сенгіміз келеді.
Шара соңында музей қызметкері Болат Досымбек Әбілғазы Қалиақпарұлын, келген қонақтарды музей жәдігерлерімен таныстырды. Ол кісі де өзінің авторлығымен басылып шыққан кітабын сыйға тартты.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: Ә.Құсайыновқа арналған көрме лентасы қиылды; көрмемен танысу; естелік сурет.




