taza-kaz

Өмірде де, өнерде де достар


23.06.2023

Айдар мен Қанат -  өмірде де, өнерде де ой жарастырып, ел-жұртқа өнерімен танылып,  ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, ұстаздық етіп, жас ұрпаққа үлгі болып жүрген достар. Ағымдағы жылдың 13 -14 маусымында өнер біріктірген достар біліктіліктерін арттыру мақсатында «Руханият қосымша білім беру» орталығында «Қыштан ыдыс жасау техникалары» атты тәжірибе алмасу күндерін өткізді.

Идрисов Айдар аудандық «Руханият» қосымша білім беру орталығының «Бейнелеу өнері»  пәнінің мұғалімі болса, Әбішев Қанат Қарқаралы ауданына қарасты ауылда «Бейнелеу өнері» пәні бойынша мектепте ұстаздық етеді. Олар осыдан он үш жыл бұрын Қарағанды гуманитарлық колледжінде, оқыған мамандықтарына байланысты бір топта бірігіп, сол жерде  алғаш рет жүздескен.

Бейнелеу өнері пәні деп арнайылап атау бергені болмаса, бұл саланы оқып жатқан әрбір шәкірттің бойы тұнып тұрған өнер екендігі айтпаса да түсінікті. Содан бері олардың өнердегі таныстықтары өмірде шынайы достыққа ұласыпты.

Ағымдағы жылдың 13-14 маусымында өнер біріктірген достар біліктіліктерін арттыру мақсатында «Руханият» қосымша білім беру орталығында «Қыштан ыдыс жасау техникалары» атты тәжірибе алмасу күндерін өткізді. Бейнелеу өнері дегенде әдетте қылқаламдар мен жайылған аппақ парақтар елестейтіні белгілі, алайда Айдар мен Қанат сурет салудан бөлек қыштан ыдыстар, гипстен мүсіндер және ағаштан бұйымдар  (ыдыстар, оюлар) да жасай біледі. 

Тәжірибе алмасу сағатында қыш бұйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұратын жұмыстарды өткергеннен соң олар  құмыралар мен тостағандардың бірнеше түрін дайындады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, екеуіне ортақ мамандық - ұстаздық. Жалпы, бейнелеу өнері пәні оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Жалпы  білім беретін мектеп реформасында негізгі  бағыт «Аса маңызды міндет - оқушыларға  көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту». Осынaу жауапты да күрделі міндетті шешуде, жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктеледі.

Білім жүйесінің жаңа құрылысы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының  өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді. Жаңа технология жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Бұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын  арттырады. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие, әсемдік сезім мен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыруға дағдыландырады.

Заман ағымымен ілесе жүзіп, шәкірттеріне адал қызмет етіп жүрген екі досқа  шығармашылық шабыттар мен толағай табыстар тілейміз!

А.Ерубаева

 

Д.Торжановтың суреттерінде: Қ.Әбішев, А.Идрисов жұмыс сәтінде.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?