
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауыл ажары - азаматынан

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай академик атын алған мектеп қабырғасына геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессордың бейнесі бейнелеген мурал салынды.
Мектеп қабырғасына Қаныш Сәтбаевтың суретін бейнелеген мурал салу білім шаңырағының басшысы Сәкен Алиленовтың бастамасымен жасалған.
Муралдың биіктігі 15 метр болса, ені 12 метрге жетеді. Бейнеленген сурет авторы Ерсін Темірғалиев, бірлескен авторлар Амантай Акишев пен Жанабек Жұмабеков.
Мурал 61, 66, 71, 81 жылғы түлектердің қаржыландыруымен 800 мың теңгеге жуық қаражатқа салынды. Сондай-ақ 76 жылғы түлектер тарапынан мектептің конференция залына үстел мен орындықтар сыйға тартылды.
Білім ордасынан қанаттанып ұшқандарына 25, 30, 35, 40, 45 жыл болған түлектер «Жасыл мекен» республикалық акциясы аясында мектеп ауласына жас шыршалар отырғызды. Биылғы жылы барлығын санағанда мектеп ауласына 15 шырша егілген.
- Мектепке қаржылай көмек көрсетуді түлектер дәстүрге айналдырып отыр. Мектебімізден қанаттанып шыққан шәкірттеріміз өздері білім алған орда әрқашан жайнап-жайқалып тұрса дейді. Жыл сайын түлектердің қолдауымен мектебіміз жайнап, көркейіп келеді. Туған жерім, алғаш қолыма қалам ұстатқан алтын ұям деп мектебімізге барынша қолдау танытып жүрген Ақбел ауылының барша азаматтарына біздің ұжым атынан үлкен алғысымды білдіргім келеді, - дейді білім ордасының басшысы Сәкен Алиленов.
Туған жерінің, ауылының өркендеуіне үлес қосып жүрген ақбелдік азаматтардың тарапынан жүзеге асып жүрген игі шаралар саны жыл сайын көбейіп келеді. Ауылым, алтын ұям мектебім деп осы игі істерге мұрындық болып жүрген азаматтар көпке үлгі болсын.
Б.Жакешова
Суретте: мурал бейнесі; естелік сурет.