
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Көмекей әулие – Бұқар жырау

Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы орта мектебінде Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Өз заманының жыршысы, ел бірлігін ту еткен бітімшісі» тақырыбында апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты - оқушылардың Ұлы жырау өмірі мен шығармашылығынан түсініктерін кеңейту, толғауларын талдата отырып, адамгершілікке, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Апталық өз мәнінде жоғары дайындықпен өткізілді. Мектеп дәлізіне Бұқар жыраудың суреті басылған, даналық сөзі жазылған баннер қойылды. Шығармалары жинақталған кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, «Даналық ағашына» ғибратты сөздері ілінді.
«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған», - деп Абай атамыз айтып кеткендей, Бұқар бабамыздың артына қалдырған мол мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа құндылығын жоймай жеткен асыл қазына. Мол мұраны бір аптада оқушы қауымға қаншалықты дарыта алғанымыз өзімізге аян. Дегенмен жырау шығармаларына арналған апталық барысында толғауларын талдап сабақтар, дөңгелек үстел, мәнерлеп оқу сайысы, сахналық қойылымдар өткіздік.
8-сыныпта «Бұқар жырау толғауларындағы ұлттық құндылықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі, осы жолдар авторы оқушыларға жырау өмірі мен шығармашылығынан түсінік бере отырып, толғауларын талдатты. Ғибратты сөздерінің мәнін ұқтырып, шығармашылық жұмыстар жасатты. Жырау толғауларын тыңдатып, жырау ізімен «Буриме» әдісіне салып жыр жолдарын шығаруды ұсынды. Оқушылардың нәтижелері тәп-тәуір шықты.
Өз заманында «Жақсының аты өлмейді, ғалымының хаты өлмейді» деп жырлаған абыз жыраудың бүгінге жеткен жыр, толғауларын оқушылар нақышына келтіре мәнерлеп оқығанын көргенде еріксіз шаттанасың. Білімді ұрпақтарымыз көп болғай.
«Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау» тақырыбындағы 8-10-сыныптардың сахналық қойылымы да көпшілік көңілінен шықты. 10-сынып оқушылары Бұқар жыраудың Абылай ханның түсін жоруын сәтті ойнап шықты.
9-сынып оқушылары арасында «Бұқар жырау – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы» тақырыбында Нілдібаева Бұлбұл Жақсыбайқызы дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар данагөй жыраудың шығармашылығын талдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жырау поэзиясын зерттеушілердің құнды деректерін тыңдап, көкейлеріне түйді.
Апталық барысында жырау толғауларын мәнерлеп, жатқа оқудан челлендж ұйымдастырылды. 3-10-сынып оқушылары бір-біріне челлендж жолдап, Бұқар жырау толғауларын қаншалықты білетіндерін ортаға салды.
Біз, қазақ тілі пәні мұғалімдері, аудандық білім беру ұйымы тарапынан ұйымдастырылған апталықты барынша мәнерлі етіп өткізуге тырыстық. Оқушылардың қызығушылығы да жоғары болды.
Келешекте де аталмыш апталық дәстүрлі түрде ұйымдастырылса, оқушылардың білімдері мен тәрбиесіне қосар үлесі ұшан-теңіз екеніне күмәніміз жоқ.
С.Баяхметова,
Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі