
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Бұқар мұрасы мәңгілік

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған өзге ұлт өкілдері арасында «Бұқарекең жырлайды» байқауы өтті. Шараның өтуіне Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйытқы болды. Баба атын алған ауданымыздың әкімдігі байқауға өз демеушілігін көрсетсе, ауданымыздың Құрметті азамтшасы Мүгүлсім Шибаева шараның басы-қасында жүріп, жоғары деңгейде өтуіне себепкер болды.
Байқау Бұқар жыраудың 10-12 толғауын қазақ тілінде жатқа айту, 2-3 толғауын өз ана тілінде және қазақ тілінде жатқа оқып беру ережесінен құрылған 2 кезеңнен тұрды. Жеті ұлт өкілінен барлығы 12 адам байқауға қатысып, өз бақтарын сынады. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмағандықтан, қатысушылардың жасы 11-де болса, үлкені 45-те болды.
Татар, шешен, украин, грек ұлттық бірлестіктер өкілдері, Ассамблея жастары және мектеп оқушылары Бұқар жыраудың толғауларын жеті тілде әділқазылар мен көрермендерге жеткізе білді. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы, Бұқар жырау мұрасын насихаттаушы жерлесіміз Айтбай Жұмағұлов басқарған әділқазылар алқасы қатысушылардың сахна мәдениетіне, сонымен қатар оқу мен орындау мәнеріне баса назар аудара отырып өздерінің әділ шешімдерін шығарды.
Байқаудың бас жүлдесін «Руханият» қосымша білім беру орталығы Дидар Камиевтің жетекшілігіндегі Бұқар жырау атындағы жыршы-термешілер сыныбының оқушысы Виктория Аленина иеленді. Бірінші орын биігіне №15 мектебінің екі оқушысы Анастасия Финонченко мен Богдан Жученко шықты. Екінші орын татар-башқұрт «Умырзая» орталығының өкілі Айлана Әменова мен №10 мектеп оқушысы Александра Лапкинға бұйырды. Үшінші орынға грек, украин, шешен орталықтарынан келген Мария Григориади, Ирина Салагина, Суриана Джанаева ие болды.
Достық үйінің басшысы Г.Қасембаева, аудан әкімнің орынбасары Әлия Шайкенова, Бұқар жыраудың ұрпағы Саябек Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттады.
Шара барысында Бейбіт Әшкеновтің сөзіне жазылған теміртаулық Жанна Хасенованың орындауындағы «Бұқар баба» әнінің тұсауы кесілді.
Жанұзақ Макишев жасаған «Имя доброго человека и слова поэта не умрут» атты Бұқар жыраудың өміріне арналған 14 минуттық бейнероликті көрермен жылы қабыл алды. Өзге ұлт өкілдері бұл бейнеролик арқылы жырау өмірі мен шығармашылығы жайлы мол мағлұмат алғандығын айтты.
Сондай-ақ Қайрат Кемаловтің дауысына жазылған Бұқар жыраудың алғаш аудиокітабынан алынған толғаулары және атақты жыршылардың орындауындағы термелері көрерменге ұсынылды. «Жақсының аты өлмейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Руханият» қосымша білім беру орталығының ұстазы, аудандық мәслихат депутаты Амантай Акишевтің арнайы дайындап әкелген көрмесі көрерменге ерекше ұнады.
Жыл сайын ұйымдастырылатын «Бұқарекең жырлайды» байқауының бірден-бір жемісі -аудан, тіпті облыс ішінде Бұқар жырау жырларын жатқа білер жастар саны артуда. Бұл Бұқар мұрасының мән-мағынасын жас ұрпаққа жеткізе алсақ деп жүрген аға-апаларымыздың арқасында деп білеміз. Сол себепті де ұлықтайтын, ұмытпайтын ұрпағы барда Бұқар мұрасы мәңгілік.
Б.Жакешова
Суреттерде: көрмені тамашалаушылар; жеңімпазбен ескелік сурет.