taza-kaz

«Рухани KZ» жобасы ауданымызда


06.05.2023

Бұқар жырау Қалқаманұлының 355, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165, Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдық мерейтойына орай Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен басталған «Рухани KZ» танымдық жобасы Ботқара кентінен бастау алды.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен екінші мәрте өткізіліп отырған танымдық жоба аясында биология-география факультетінің аға оқытушысы, географ-эколог Ернар Кейкі мен университеттің КЕАҚ басқарма мүшесі, әкімшілік-шаруашылық қызметі жөніндегі проректоры Асылбек Молдабаев, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Марғұлан Тұяқов бастаған 40-қа жуық студент ауданымызға ат басын бұрып, құдайы қонағымызға айналды. Жоба маршрутының кестесі Ботақара кентінен басталды.

Бұқар жырау Қалқаманұлының ескерткішіне арнайы келген саяхатшыларды аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли, аудандық мәслихат депутаты Амантай Акишев, аудан әкімінің орынбасры Әлия Шайкенова, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Арғын Теміржанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Оспанова, С.Торайғыров атындағы тірек мектебі мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің басшылары қарсы алды. Бұқар жырау шығармашылығын жастарға насихаттап жүрген ұстаздар Қалиасқар Шыныбектегі мен Дидар Қамиевтің шәкірттері баба толғауларын орындады. Баба есімін алып отырған ауданымыздың атынан қонақтарымызға Бұқар жыраудың шығармашылығы жинақталған кітаптар табысталды.  

«Рухани KZ» танымдық жобасы ұлттық тарихи сананы қалыптастыруды, көпшілікке тарихи тұлғалардың өмірін, еңбектерін және тарихи мұраларын таныстыруды, жастардың отансүйгіштік, елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды мақсат тұтады. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен өтіп отырған шараға облыс әкімі өз қолдауын танытып отырғандығын айта кеткіміз келеді.

Саяхатшылардың келесі тоқатаған нүктесі Бұқар жырау кесенесі болды. Баба рухына тағзым етіп, мұражай қорымен танысқан саяхатшыларымыз ас-суларын ішіп, қайра жолға шықты. Жоба маршруты Мұса Шорманұлы ауылы, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Баянауыл мен Торайғыр ауылына дейін жалғасады.

Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреттерінде: қонақтарды қарсы алу сәті; жастар - болашағымыз.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?