taza-kaz

«Ұлы даланың көрнекті ойшылы»


29.04.2023

17-21-сәуір аралығында Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектепте Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жылдық мерейтойына орай рухани мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, дәріптеу  мақсатында «Ұлы даланың көрнекті ойшылы» атты апталық өтті.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың  алғашқы бөлігінде өмір сүрген үлкен  ақын, тамаша ғалым, философ, ауыз әдебиеті үлгілерінің қажымас жинаушысы, сан қырлы талант иесі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

Ол бабалар мұрасын жинауға бүкіл өмірін арнап, оны көзінің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырған, жасынан тілге шешендігімен, алғырлығымен, зеректігімен танылған.

Апталықтың алғашқы күнінде ақынның нақыл сөздерінен 2-4 сынып арасында жарыс ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде I орынды 4-сыныптан Сюй Дарья, II-орынды - 3-сыныптан Махмутова Райана, III орынды 3-сыныптан Волобуева Неонила иеленді.

Келесі күні ғылыми зерттеу жобасын қорғау бойынша 9-сынып оқушысы Уалиев Нұрислам Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы «Әнші-ақындар», ал Маханова Дильназ  «Мәшһүр Жүсіп және ғылым», сонымен қатар 7-сыныптың үздік оқушысы Маханов Ералы  «Абай мен Шәкәрім өлеңдеріндегі математикалық мағыналар» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.

Келесі номинация «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды.

Осы байқауда жүлделі орынға -  I орынға - 6-сыныптан Сайран Інжу, 5-сыныптан - Плешкова Милана, II орынға - 9-сыныптан Уалиев Нұрислам, III орынға - 6-сыныптан Алиханова Кәусар, III орынға - 5-сынып оқушысы Махмутова Дайана ие болды.

«Білімді зерек адам болам десең» номинациясы бойынша эссе байқауы өтті. Апталықты қорытындылау үшін арнайы Мәшһүр Жүсіп ұрпақтарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Қонақтарымыз - Мәшһүр атамыздың ұрпағы Жанділденов Қалыбек Иманбекұлы Астана қаласынан арнайы келіп, тың ақпараттармен ұстаздар мен оқушылар арасында әңгіме өткізді.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері Баймырзин Бейбіт Алтынұлы, ақын Акишев Мақсұтхан Тирмизиұлы, зерттеуші қонақтарымыз да өз ойларын ортаға салып, кешті қызықтыра түсті. Біз әлі де ізденіп, бабамыздың мұраларын зерттеп, зерделейміз.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қаламынан туған шығармалар – біз үшін қымбат мұра, адами қасиеттерді сақтауда өзіндік бағыт берер дүниелер.

Ата-ана үшін де, ұстаз үшін де бұлақтың көзін ашып, дұрыс тәрбие берудің қаншалықты маңызды екенін жан дүниесімен сезінген ойшыл ақын бабамыз тәрбиелі жастың халық үшін адал қызмет етуін тілейді.

Ендігі біздің мақсатымыз – мектебіміз атын иеленген Мәшһүр Жүсіп айтқан құндылықтарды  шәкірттерімізге насихаттай отырып, ұлтжанды, өркениетке ұмтылған, әлем жастарымен бәсекеге түсуге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болмақ.  

 Б.Наргелова,

Мәшһүр Жүсіп ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?