taza-kaz

«Ойөріс» телевизиялық ойыны


29.04.2023

Қарағанды облыстық «SARYARQA» теле- арнасында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысымен қолға алынған мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ойөріс» зияткерлік телеойынында Бұқар жырау ауданының намысын қорғаған белсенді жерлестеріміз жеңіспен оралды.

Облыстың басты арнасында «Ойөріс» зияткерлік телеойыны өткізіліп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Қолға алынған бұл тағылымды жобаның басты мақсаты - азаматтардың арасындағы мемлекеттік тілді, салт-дәстүрді және көнерген сөздерді дәріптеу болып табылады.

Бұл атаулы телеойынға аудан белсенділерінің бірінші қатысуы емес. 2021 жылы телеойында бақ сынаған жерлестеріміз биыл тағы бір мәрте күш сынасты.

Бұл жолғы ойында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Төлеуов Мейрам Игілікұлы, аудандық балалар кітапханасының библиографы, осы жолдар авторы Ерубаева Айгүл Советқызы, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің жетекші экономисті Путятина Оксана Владимировнадан құралған «Бірлік» тобы Шахтинск қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарынан құралған «Сұңқар» тобымен өзара сайысқа түсті.

Телеойын төмендегідей кезеңдерден тұрды: «Таныстыру», «Елтаным», «Сөзтаным», Ойтаным, «Қорытынды» – бағалау.

Қатысушылар ойын барысында «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер», «Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер», «Көнерген сөздер» тақырыптарындағы ұяшық ішіндегі сұрақтарды таңдап жауап берді.

Телеойынға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігі арнайы тағайындалған сарапшының сараптап, әр сайыстан алған ұпайлары бойынша бағаланды.

Нәтижесінде 140-та 210 ұпаймен Бұқар жырау ауданының намысын қорғаған «Бірлік» тобы жеңіске жетті.

Жалпы телеойынның тағы бір мақсаты - «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру.

Ал міндеттеріне келетін болсақ - ел жетістіктерін паш ету, тарихи тұлғаларымызды ұлықтау, қазақтың ақын-жырауларының өлең-толғауларында бағзы заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерде кездесетін, бұл күнде ұмыт бола бастаған көнерген сөздерді қайта жаңғырту, сөздік қорды молайту арқылы мемлекеттік тілді кең ауқымда дамыту, қазақ халқының көне салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғырту, азаматтарды мемлекеттік тілді, төл тарихты білуге баулу, жастардың патриотизмін арттыру болатын.

Ел танысақ, сөз танысақ және ой танысақ ой-өрісіміздің кеңейгені сол емес пе? Осы тұрғыда жеңіспен оралған жерлестерімізге үлкен-үлкен додаларда топ жарып жүре беріңіздер демекпін!

А.Ерубаева

Суретте: ойын жеңімпаздары.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?