taza-kaz

Болашақ - жастардың қолында!


21.04.2023

Рухани жаңғыру - бұл адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші.

Ал жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте олардың білімділігі, ана тілін білу мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі және ұлттық дәстүрлерді сақтауы тұрады.

Қазақ тазыны жеті қазынаға кіргізіп, ерекше бағалаған. Сол ата дәстүрімізді жалғастырып, ат баптап, ит жүгіртіп, құс салып жүрген ауылымыздың патриот жастарының бірі Баянов Сәбит.

Сәбиттің ұйымдастыруымен өткен жылдары ауылымызда ұлттық ат спортын дамытуға арналған «Ат тұяғын тай басар» атты тай жарысы өтіп, ауыл балаларының жабағы-тайларын үйретіп, баптап, атқа мініп үйреніп, атқа шабуы керемет көрініс болған еді.

2022 жылы Сәбит «Ит жүгіртіп, құс салған» тақырыбында аудандық жарысқа қатысып, ІІ-ші орынды иемденіп, бағалы сыйлық және мадақтама қағазымен марапатталды.

Осы қасиетті Рамазан айында Астанада өткен қайырымдылыққа бағытталған құмай тазылар арасындағы «Шырға тарту» жарысында Сәбиттің баптаған Сылдыр атты тазысы 1-ші орын алып, дипломмен марапатталды.

Ұлттық дәстүрді сақтап, көпшілікке насихаттап жүрген Сәбитке сәттілік тілеп, алар асуың көп болсын демекпіз. Біз Сәбитті мақтан етеміз!

Нұрбала Асылбекова,

Мәдениет үйінің

меңгерушісі

Сарыарқа ауылы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?