taza-kaz

Әлихан Бөкейханға арналған фильм


08.04.2023

28-наурызда Ботақара кентінің мәдениет үйінде «Әлихан Бөкейхан  – ұлт азаттық күрескері» танымдық деректі фильмнің көрсетілімі болды. Фильмге аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, мекемелер мен ұйымдар басшылары мен ұжымдар барып, тамашалады.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайракері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист және аудармашы.

Осы күні сахна төріне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Оспанов пен Тұңғышбай Өміртайұлы көтерілді. Айдар Әбкенұлы жұртшылыққа осы кісіні таныстырды.

Біздің атымыз бұқаржыраулықтар, қазақ деген қабырғалы елміз. Түрікті түрік еткен Ататүрік бабамыз, тура сондай еңбек еткен Әлихан бабамыз. Қазақты гүлдендіру үшін еңбек еткен ағамыз Әлихан Бөкейхановты тану арқылы қазақ өзімізді өзіміз тануымыз керек. Өлкетанушы, өнер, қоғам қайраткері, педагог, Әлихантанушы, Қарағандыдағы Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхановтың атымен аталуына еңбек еткен, ол кісіні дәріптеп жүрген осы ағамыздың немересімен бірге түсірген фильмін бір адамдай тамашалап, әруағының алдында басымызды ие отырып, бірге көрейік, - деді.

Тұңғышбай Өміртайұлы жұртшылықпен жылы амандықтан соң, Әлихан Бөкейхановтың өмір жолына, қазақ ұлтына сіңірген еңбегіне, қайраткерлігіне тоқталды. Фильмнің екі бөлімнен тұратынын айтты. Бірінші бөлімде Әлихан туралы басты деректер, сонан соң 1992 жылдан бастап Әлиханның қайраткерлігіне арналып өткен шаралардан көріністер түсірілгенін айтты.

- Сіздердің алдарыңызда өткен дәуірдің 20 ғасырында еңбек еткен тұлғаны, Алаш ордасының жетекшісі, төрағасы болған, Ақтоғай ауданында өмірге келген Әлихан Бөкейханов туралы танымдық фильм көрсетілмек, ол мемлекеттік тапсырыспен түскен емес, коммерциялық жоба емес. Мақсатымыз - Әлиханның есімі Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының атына берілуіне бір жыл толуына орай жұртшылықтың назарына ұсынылып, ой салсын дегеннен туған. Ораза айында осы жерге жиналып, фильмді тамашалауға келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, - деді.

Бір адамның басына Алла тағаланың өзі осыншама білім мен білікті бере салғанын байқаймыз да таңғаламыз. Сонымен бірге ол - ұлтының жанашыры. Бұл азамат Ресей империясының қазақ даласында қазақ ұлтына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасын қалыптастырып, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген. Күрес пен тартыстан көптеген тәжірибе жинаған саяси күрескер болды. Ол Омбы қаласында қаланың саяси, әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласты. Одан соң Халық бостандығы партиясына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділердің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырды. Оның саяси көзқарасының жетілуіне, саяси, қоғам, мемлекет қайраткері ретінде танылуына осы қаладағы тұрған жылдары әсер етеді.

Осы күні көрермен залына жиналған қауым Әлихан Бөкейхановтың болмысына үңіліп, ол кісінің ұлтына істеген еңбегін көз алдарынан өткізді, таңғалды, тамсанды.

Ұлты үшін жанын беру, аянбай еңбек ету екінің бірінің маңдайына жазылмайды. Ол үшін жүрегі мейіріммен шүпілдеген жүрек, онан соң өз ұлтына деген махаббат, туған жеріне, адамдарына деген сүйіспеншілік керек. Осының бәрі бүгінгі басты кейіпкер - Әлихан Бөкейхановтың тұла бойынан табылып,  залда отырған көрерменннің тамырына тарады десек қателеспеген болармыз.

«Әлихан – Алаштың Ақсораңы» деген кітап та осы азаматтың қайраткерлігін барша қазаққа паш етіп, ол кісіні қазақ ұлтының көз алдында биік белестерге көтерді. Жылдар өтеді, ал осы қайраткер азаматтың асыл тұлғасы, ұлтына деген жанашырлығы тарихта өз бағасын алады.

Фильмнен көрермендер ерекше әсер алып қайтты деген ойдамыз.

 

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?