taza-kaz

Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы


11.03.2023

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Дегенмен, «Қазақ тілінің» мәртебесін көтеруде латын әліпбиіне көшу қаншалықты тиімді?

Ең алдымен, Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Осы тұрғыда, ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі». Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Сондықтан да бұл бізге таңсық дүние емес деп санаймын. Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Алайда, латын әліпбиіне көшудің басты қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені. Себебі, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайды. Демек, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшу және қазақ жазуында тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек. Ол реформа үш мәселені - дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды.

Меніңше, жалпы жазу, әліпби ауыстырудың үлкен саяси мәні бар мәселе. Екінші жағынан бұл тек қана саясат емес, бұл – тілдің таза лингвистикалық мәселелерді шешу үшін қажетті жағдай. Сондықтан да ең алдымен отарсыздану бағытын дұрыс жүргізу үшін бұл жазу ауыстыру мен әліпби ауыстыруда маңызы өте зор. Себебі, бұны айтып отырғаным біздің көптеген тілдегі емле, ережелеріміз, тілге қабылдаған әліпбиіміздегі таңбалар кирилл әліпбиінен алынған. Кеңестік кезеңде солай алынғандықтан біздің қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбаламайтын басы артық таңбалар тілімізде қалып қойды. Демек, осы сөздерде енді біз қазақтың өзінің дыбыстық жүйесіне, айту мәнеріне сай жазамыз дейтін болатын болсақ, бұрынғы кирилл әліпбиін пайдаланып қалған адамдар оны қабылдай қоймайды.

Саралай келе айтқым келетіні, тіліміздің шұбарланып, қазіргі таңдағы жастарың мәңгүрттеніп бара жатқандығына алаңдаушылық білдірген зиялы қауым өкілдері мен бұқара халық Бірінші Президентінің бұл бастамасына қос қолдап қолдау көрсеткені, меніңше, өте оңтайлы шешім. Себебі, латынға көшкен жағдайда сөздер жаңа латын әліпбимен жазылғанда жұрттың бәрі оны жаңадан қабылдайды, жаңа сөз ретінде жазылуын орфографиялық норма ретінде көзі де үйренеді деп ойлаймын. Бұл әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек. Бұның жағымдысы – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екеніне дау жоқ деп санаймын. Сол арқылы біз қазіргі интернет желісінде ақпарат алуда ғылым, білім саласында осы кеңістікке көбірек кіріп, жастарымыз да тануға, тез оқуға, ақпарат алуға мүмкіндігі артады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорыта келе айтқым келетіні - қазақтың латын әрпіне көшуі - кем дегенде бүкіл ұлтты бір күнде партаға отырғыза алатын жағдай. Яғни, бәріміз қайта жаза бастаймыз, қайта үйренеміз. Сол арқылы тілді білмеген азаматтардың өзі де қатарға қосылып, бізбен бірге үлкен жетістікке де жетуіне болады. Өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.

Сондықтан да, «Қазақ тілінің» мәртебесін көтеруде латын әліпбиіне көшу үлкен пайдасын тигізеді деп санаймын.

 

А.Балмағанбетов,

«Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?