
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жүрегінен жыр төгілген

Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген өнерлері мен шығармашылықтарын дәріптеу мақсатында мектебімізде танымдық кеш өткізілді. Кешіміздің қадірлі қонақтары - халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдардың лауреаты, қазақтың Сары тентегі, ақын, бард Қуаныш Мәжікенұлы Мақсұтов, Қарағанды облыстық Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының басшысы, дәстүрлі әнші, Қазақстан және Моңғолия мәдениет қайраткері, көп балалы ана Меруеш Башай.
Кешке мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Кешіміздің шымылдығын мектебіміздің басшысы Шұңғылов Абдрашит Зейнелұлы ашып берді. «Өнегелі өмір» жобасы аясында өткен танымдық кеште қонақтардың шығармашылығынан сыр шертетін бейнебаян көрсетіліп, мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
«Жақсы Жәке!
Қалай Жақсы атандың?
Келеді ылғи бір Жақсыдан бата алғым...
Пәтуәлі Ақсақалы аз елде
Мен еріксіз «Сары Тентек» атандым!» демекші, халқымызға Сары Тентек атымен танылған Қуаныш аға өзінің өнері туралы сырлы әңгімелерімен бөлісіп, тыңдармандарға «Қазақ барды», «Қазақ шансоны» бағыттарының негізін салушылардың бірі ретінде шығармашылығымен бөлісті. Бұл оқушыларға тың және ерекше әсер етті. Ата-анаға деген мәңгілік құрмет пен махаббат, ұлттық болмыстың сақталуы ретінде «Көбелек» әні оқушылардың жүрегінен орын алды.
Көп балалы ана, дәстүрлі әнші Меруеш Башай оқушыларға өнегелі, тәрбиелі өсиет айтты. Қазақтың қара домбырасын дәріптеп, кеш барысында «Шаңырақ» әнін орындап барлық қара шаңырақтың қасиетін осы ән арқылы тыңдармандардың жүрегіне жеткізді.
Меруеш апай салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, жас ұрпақты ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтауға, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, өнерлі болуға бар күш жігерімізді салуға шақырды.
Оқушыларымыз өнегелі әңгіме тыңдап, қонақтарымыздың өнеріне сусындап, кештің соңында әртүрлі сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар қонақтарымыздың өмірі және шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын танысты. Кеш қонақтары оқушыларға ризашылығын білдіріп, ақ тілектерін арнап, олармен естелік суретке түсті.
К.Какенова,
А.Байтұрсынұлы
атындағы мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі