taza-kaz

«Өлке мерейгерлері-2023»


11.02.2023

Өлкемізде өз жерін, халқын, кәсібін бейнелейтін адамдар жетерлік. Олардың даңқты істері еліміздің жылнамасына ойып тұрып жазылған. Олардың есімдері – өлкеміздің визит карточкасы іспеттес. Биылғы 2023 жылғы атаулы күндер күнтізбесі де ел елеулілерін анықтады.

Атаулы және ұмытылмас күндер күнтізбесі - кітапхананың жыл сайынғы басылымы.

Бұл басылымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық мерекелері берілген, кәсіби күндер - кәсіби және басқа мерекелердің тізімі, жазушылардың, мәдениет пен өнер қызметкерлерінің, ғалымдардың өмірі мен шығармашылығының негізгі мерейтойлары, 2023 жылы атап өтілетін Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің атаулы және есте қаларлық күндері, сонымен қатар күні мен айы анықталмаған ұмытылмас күндер көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік авторлардың 2023 жылғы мерейтойлық кітаптары жеке бөлімде көрсетіледі және  Бұқар жырау ауданында атап өтілетін өлкетану күндері (*) белгісімен белгіленеді.

Биылғы жылғы өлкеміздің мерейтой иегерлері - қазақ ақыны, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының (1693-1787 жж.) 355 жылдығы, партия және қоғамдық қызметкер, ҰОС ардагері Шопанай Әмірханұлының туғанына 100 жыл (1923-1993), Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл (1858-1931), ағартушы, этнограф Мұса Шормановтың туғанына 205-жыл, ақын Апбаз Қаражігітовтың  100 жылдығы.

ХVІІІ ғ. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Бұқар жырау Абылай хан заманында өмір сүрген. Әкесі Қалқаман белгілі батыр. Оның өлеңдері өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. Бұқар жырау қазақ жеріне ертеден мәлім.

Бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді.

Шопанай Әмірханұлы 1923 жылы 19 желтоқсанда Қарақойтас (қазіргі Үлгі ауылының шығысына қарай 6 шақырым) деген табиғаты әсем, таулы, орманды жерде дүниеге келген. Тәжірибелі, білгір маман, ұйымдастыру қабілеті бар Шопанай Әмірханұлы аз уақыттың ішінде көптеген қиындықтарды шеше отырып, шаруашылықтың нақты даму жолдарын анықтай білді. Егін шарушылығында жаңа технологияларды енгізу, мал азығының берік қорын жасау, екпе шөптің көлемін ұлғайту үшін ауыспалы егіс гектарын көбейтуді жолға қойған жан.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы, Сүйіндік руы, Күлік бөлімінен шыққан.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.

Мұса Шорманов (1819, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы 26.12.1884, Омбы қаласы) – Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен.

Апбаз Қаражігітов (1923-2017), 1923 жылдың 15 наурызында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылында туған.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Апбаз Баймендіұлы Қаражігіт - әуелде оқырман қауымға поэма, баллада және өлеңдерімен танылып, кейіннен проза жанрына қалам тартып, өмірге айтарлықтай тартымды шығармалар әкелген талантты жазушылардың бірі.

А.Ерубаева



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?