
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Әріптес рухына тағзым

Қаңтар айының 21-жұлдызында өмірден аққан жұлдыздай болып, жүректерде сағыныш сезімін қалдырған кітапханашы Райхан Ершованы еске алу шарасы Шешенқара ауылының модельді кітапханасында өткізілді.
Райхан Нәжімиденқызы Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылында көп балалы отбасында өмірге келді. Анасы Мақтума мен әкесі Нәжімиден балаларының аузына адал асын тосып, жақсы тәрбие берді. Үлкенді сыйлауды, кішіге ізетті болуды, ешкімнің ала жібін аттамауды, адал еңбекпен табылған астың дәмді болатынын жастайынан сіңірді. Бір шаңырақтың астында ата-ананың қанатының астында өскен балалар бірінен соң бірі мектептің қабырғасынан ұшып шығып, үлкен өмірге аттанып жатты. 1985 жылы №3 мектепті үздік бітірген Райхан Ленинград қаласындағы №101 училищені бітіріп, штукатур-бояушы мамандығын алып шығып, құрылыста беріле еңбек етеді. Сол жақта отбасын құрып, ұрпағын өрбітеді.
2015 жылы Шешенқара ауылына отбасы жағдайымен көшіп келеді. Алдымен мәдениет үйі жанындағы «Березка» этно-мәдени бірлестігіне белсене қатысады, кейіннен кітапханашы маман болмай қалғанда мәдениет үйінің меңгерушісі Жанна Бурашева басшылыққа айтып, оны кітапханашы қызметіне ұсынады. Ауданға сұхбаттасуға барған үш адамның ішінен комиссия Райхан Ершованы лайық деп танып, ол кітапханашы болып тағайындалады. Содан соң Қарағандының оқу орнына түсіп, кітапханашы мамандығын алады.
«Кітаппен өткен ғұмыр» атты еске алу кеші өмірдің өткіншілігі, адамдардың бір-бірін тірі кезінде сыйлауы қажет екендігін, өмірдің қас-қағым сәт екенін тағы да еске салды. Кітапханашы Айнагүл Айтамбетованың тартымды сценарий жасап, еске алу шарасының мағыналы болуына қатты көңіл аударғаны байқалды. Райхан Нәжімиденқызымен бірге кітапханада жұмыс істеген жандарды, ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі Жанна Бурашеваны, Бұқар жырау атындағы мешіттің имамы Ерсұлтан Әлибековты, ауылдың байырғы тұрғыны Марат Сәметұлын шақырыпты. Райханның баласы Дарья Ершова осы кітапхананың тұрақты оқырманы, бала кезінен анасының жанында жүріп, кітапхананың қыры мен сырына қанығып өскен бала бүгінде мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиеші, Шешенқара орта мектебінің шағын орталығында еңбек етіп жүр.
Райхан өзінің аз ғана ғұмырында отбасына, балаларына жан жылуын, мейірімін төккен жан. Жастайынан көркем әдебиеттің тылсымына бойлап, қанып өскен ол өзі де тартымды мақалалар, туған жер жайлы өлеңдер жазды, өлкетанушылыққа да еңбегін сіңірді. Ауылдың әрбір үйін аралап, Шешенқара ауылының тарихын зерттеп, 2018 жылы «История родного края» атты брошюрасын жарыққа шығарды. Бұл іске ауылдың үлкендері өздерінің үлкен үлесін қосқан екен. Ауылдың байырғы тұрғыны Марат Сәметұлы да Райханның өлкетанушылық еңбегіне қатысты естелігін айтып берді. Айнагүл Манаспаева, Әлия Байманова, Қорлан Кокишева, Жанна Бурашева, Гауһар Әлшарова, ауыл әкімі Гүлден Мұқанова, осы жолдар авторы өмірден өткен Райхан Ершова жайлы сәттерін тебіреніспен жеткізді. Қ.Шыныбектегі «Шешенқара» әнін орындап берді. Туған ауылына арнап жазған «Ирисовая родина моя» өлеңін Анар Адамбай, М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін Абылай Адамбай оқыды.
Кітапхана жанынан ашылған «Собеседник» әдеби үйірмесінің мүшелері Алуа Адамбаева, Аяла Балуан мен Ажар Қалыбекова сыршыл өлеңдер оқып, жиналғандарды ризашылыққа бөледі.
Ауыл имамы Ерсұлтан Әлибеков кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы, кітап оқитын адамдары бар елдің дамуы да жоғары, мәдениеті де ерекше болатыны туралы айтты.
Онан соң ақ дастархан жайылып, марқұм Райхан Нәжімиденқызының аруағына құран бағышталды. Дастархан басында жас ұрпақ сабақ алатын ғибратты әңгіме айтылды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халық даналығы. Жаңа кітапханадағы жұмысын осындай сауапты шарамен ашып жатқан кітапхана ұжымына, марқұмның отбасына, демеушілер «Әділет» ШҚ басшысы М.Садықовқа, «Аян» ШҚ басшысы Е.Айнабековқа, аудандық пошта басшысы Марат Нұрлановқа, ауыл белсендісі Нұрдәулет Адамбаевқа алғысымызды айтамыз.
Қ.Ахметова